Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.05.31 № 75 бұйрығымен.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-3 бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1751 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауында және 1-тармақта «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесінде:
атауында және бүкіл мәтін бойынша «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Осы Ереже телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-3-бабының 3)-тармақшасына сәйкес әзірленді және конкурс өткізудiң шарттарын және оған жеке және заңды тұлғалардың қатысуын айқындайды.»;
2-тармақта «Мәдениет және ақпарат министрлігі» сөздері «Байланыс және ақпарат министрлігі» сөздерімен ауыстырылсын»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Конкурс Үміткерлері конкурс шарттарының барлық тармақтары бойынша түсініктеме алу үшін Комиссияның жұмысшы органына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне өтініш жасайды.»;
14-тармақта:
3) тармақшада:
Екінші абзац және үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«белгіленген тәртіппен расталған мына құжаттардың көшірмелерін:
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттар;
«заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) куәлік, құрылтай құжаттары.»;
бесінші абзацтағы «бере алуы мүмкін» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Конкурсқа қатысатын өтінімдер салынған конверттерді ашқан күні Комиссияның жұмыс органы конверттерді ашу хаттамасын дайындайды.
Конверттерді ашу хаттамасына төраға және қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ хатшы қол қояды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Конверттерді ашқаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде сараптамалық қорытынды дайындайды.
Мамандар Үміткерлер ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және олардың конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді және оған мамандардың қолдары қойылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Конкурстың қорытындылары төрағаның және Комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Конкурстың нәтижелері Комиссияның отырысында жеңімпаздарды анықтайтын күні хабарланады және екі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
21-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев