Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 347 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6610 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 243 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 30.03.2015 № 243 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және өнім бөлу туралы келісімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.

     Министр                                          С. Мыңбаев

Қазақстан Республикасы  
Мұнай және газ министрінің
2010 жылғы 6 қазандағы  
№ 347 бұйрығымен бекітілген

Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы осы ереже көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) қызметін реттейді.
      2. Жұмыс тобы қызметiнің құқықтық негізін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы, өзге нормативтiк құқықтық актілер, сонымен қатар осы Ереже құрайды.
      3. Жұмыс тобы қызметінің негізгі мақсаты болып көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздер жүргізу және оның қорытындысы бойынша шешім қабылдау болып табылады.
      4. Жұмыс тобының құрамы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің немесе оның орнын басатын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
      5. Құзыретті органның тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешімі тікелей келіссөздердің хаттамасымен ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері қол қояды.

2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары

      6. Жұмыс тобының міндеттері:
      1) көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіруге, сонымен қатар бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінішті қарау және бағалау;
      2) көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіруге, сонымен қатар бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шарттарын анықтау.
      7. Жұмыс тобының функциялары:
      1) тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініштерді уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін ұсынылған өтініштерді объективті және жан-жақты бағалау;
      3) тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылдау.

3. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру

      8. Жұмыс тобы:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
      2) Жұмыс тобының мүшелерiн мәжiлiстерге шақырады және тыңдайды;
      3) тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім қабылдайды;
      4) орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірлесіп әрекет етеді, сондай-ақ жұмыс тобының міндеттерін іске асыру мақсатында жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тарта алады.
      9. Жұмыс тобын төраға басқарады.
      Жұмыс тобының төрағасы - құзыретті органның басшысы болып табылады.
      Жұмыс тобының төрағасы оның қызметін басқарады, мәжілістер өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыру барысына жалпы бақылау жүргізеді. Жұмыс тобының төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Жұмыс тобы төрағасының орынбасары атқарады.
      Жұмыс тобының хатшысы Жұмыс тобының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүйелейді, жұмыс тобы мәжілістерінің хаттамаларын әзірлейді.
      10. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және өнім бөлу туралы келісімдер департаменті болып табылады.
      11. Құзыретті орган өтініш берушіні тікелей келіссөздер өткізілетін күн туралы хабардар етеді. Тікелей келіссөздер өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Тікелей келіссөздер өткізу мерзімі құзыретті органның шешімімен ұзартылады.
      12. Жұмыс тобының мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және оған жұмыс тобы мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
      13. Жұмыс тобының шешімі қатысушы мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері шешім қабылдау барысында тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      14. Жұмыс тобы мәжілісінің қорытындысы бойынша хаттама рәсімделеді, оған Жұмыс тобына қатысқан барлық мүшелер қол қояды.
      15. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу, материалдарды жинау және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.
      16. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің бұйрығымен құрылады және таратылады.

Об утверждении Положения о рабочей группе по проведению прямых переговоров по предоставлению права недропользования на разведку и добычу, а также на совмещенную разведку и добычу полезных ископаемых и ее состава

Приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 6 октября 2010 года № 347. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 ноября 2010 года № 6610. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 243

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 30.03.2015 № 243 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 3.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 57 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о рабочей группе по проведению прямых переговоров по предоставлению права недропользования на разведку и добычу, а также на совмещенную разведку и добычу полезных ископаемых и ее состава.
      2. Департаменту контрактов на недропользование и соглашений о разделе продукции Министерства нефти и газа Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    С. Мынбаев

Утверждено         
приказом Министра нефти и газа
Республики Казахстан    
от 6 ноября 2010 года № 347 

Положение
о рабочей группе по проведению прямых переговоров по
предоставлению права недропользования на разведку и
добычу, а также совмещенную разведку и добычу полезных
ископаемых и ее составе

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о рабочей группе по проведению прямых переговоров по предоставлению права недропользования на разведку и добычу, а также совмещенную разведку и добычу полезных ископаемых и ее составе регулирует деятельность рабочей группы по проведению прямых переговоров по предоставлению права недропользования на разведку и добычу, а также совмещенную разведку и добычу углеводородного сырья (далее – Рабочая группа).
      2. Правовую основу деятельности Рабочей группы составляют  Закон Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании", иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, а также настоящее Положение.
      3. Основными целями деятельности Рабочей группы являются проведение прямых переговоров по предоставлению права недропользования на разведку, добычу, совмещенную разведку и добычу углеводородного сырья и принятии решения по итогам прямых переговоров.
      4. Состав Рабочей группы утверждается приказом Министра нефти и газа Республики Казахстан или лицом его замещающим.
      5. Решение компетентного органа по итогам прямых переговоров оформляется протоколом, который подписывается всеми присутствующими членами Рабочей группы.

2. Задачи и функции Рабочей группы

      6. Задачами Рабочей группы являются:
      1) рассмотрение и оценка заявки на получение права недропользования на разведку и добычу, а также совмещенную разведку и добычу углеводородного сырья;
      2) определение основных условий предоставления права недропользования на разведку и добычу, а также совмещенную разведку и добычу углеводородного сырья.
      7. Функциями Рабочей группы являются:
      1) обеспечение своевременного и качественного рассмотрения заявки на получение права недропользования на основе прямых переговоров;
      2) объективная и всесторонняя оценка представленной заявки на получение права недропользования на основе прямых переговоров;
      3) принятие решения по итогам прямых переговоров.

3. Организация работы Рабочей группы

      8. Рабочая группа:
      1) запрашивает и получает от государственных органов, организаций, должностных лиц и граждан информацию, необходимую для осуществления ее функций;
      2) приглашает на заседания и заслушивает членов Рабочей группы;
      3) принимает решения по итогам прямых переговоров;
      4) взаимодействует с центральными исполнительными и другими государственными органами, организациями, а также привлекает к работе специалистов и экспертов для реализации задач рабочей группы.
      9. Рабочую группу возглавляет председатель.
      Председателем Рабочей группы является руководитель компетентного органа.
      Председатель Рабочей группы руководит ее деятельностью, проводит заседания, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее решений. Во время отсутствия председателя Рабочей группы его функции выполняет заместитель председателя Рабочей группы.
      Секретарь Рабочей группы координирует работу по обеспечению деятельности Рабочей группы, подготавливает протоколы заседаний рабочей группы.
      10. Рабочим органом Рабочей группы является Департамент контрактов на недропользование и соглашений о разделе продукции Министерства нефти и газа Республики Казахстан.
      11. Компетентный орган уведомляет заявителя о дате проведения прямых переговоров. Прямые переговоры проводятся в течение двух месяцев с даты поступления заявки. Срок проведения прямых переговоров продлевается по решению компетентного органа.
      12. Заседания Рабочей группы проводятся по мере необходимости, и считаются правомочными, если на них присутствовали не менее двух третей от общего числа членов Рабочей группы.
      13. Решения Рабочей группы принимаются большинством голосов от общего числа присутствующих членов. Члены Рабочей группы обладают равными голосами при принятии решений. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Рабочей группы.
      14. По результатам заседания Рабочей группы составляется протокол, который подписывается всеми присутствовавшими членами Рабочей группы.
      15. Организация деятельности Рабочей группы, делопроизводство, сбор и хранение материалов осуществляется рабочим органом.
      16. Рабочая группа создается и упраздняется приказом Министра нефти и газа Республики Казахстан.