Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.04.22 № 47 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертуі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-3-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған фильмнің индексі туралы ақпарат беру стандарттары:
1) Фильмдердің индексі туралы ақпаратты аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде беру стандарты;
2) Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Ж. Құрманғалиева
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Фильмдердің индексі туралы ақпаратты аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде беру стандарты
1. Осы Фильмнің индексі туралы ақпаратты беру стандарты (бұдан әрі -Стандарт) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-3-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер индексі туралы ақпарат беру стандарттарын айқындайды.
2. Осы Стандарттың ережелері фильмге прокаттау куәлігін алған жеке және заңды тұлғаларға арналған.
3. Осы Стандарттың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін дыбыстау-бейнелеу туындыларынан оларды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін беру болып табылады.
4. Фильмнің индексі фильмнің аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде көрсетілген цифрлық және мәтіндік белгілеулерінен тұрады:
bох-қаптамада;
фильмді көрсетер алдында.
5. Фильм индексінің мәтіндік белгілеуі мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
6. Фильмнің индексі туралы ақпарат bох-қаптамада жеке тікбүрышты бейнеде ерекше белгіленеді және мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1) орналасқан жері - bох-қаптаманың сырт жағындағы сол жақтағы төменгі бұрышы;
2) ауданы - bох-қаптаманың сырт жағындағы жалпы ауданның екі процентінен кем емес;
3) цифрлық және мәтіндік белгілеудің түсі - қызыл түсті фонда ақ;
4) қаріп - цифрлық белгілеу үшін - Impact, мәтіндік белгілеу үшін - Аrial.
7. Фильмді тікелей көрсетер алдында фильм индексі туралы ақпараты бар көрнеу мынадай параметрлерде демонстрацияланады:
1) орналасқан жері - қандай да бір жанама ақпаратсыз экранның ортасы;
2) қарпі - фильмнің негізгі титрларының қарпі;
3) ұзақтығы - үш секундтан кем емес;
4) дыбыстау тілі - фильмді демонстрациялау тілі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты
1. Осы Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-3-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер индексі туралы ақпарат беру стандарттарын айқындайды.
2. Осы Стандарттың ережелері фильмге прокаттау куәлігін алған жеке және заңды тұлғаларға арналған.
3. Осы Стандарттың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін дыбыстау- бейнелеу туындыларынан оларды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін беру болып табылады.
4. Фильмнің индексі цифрлық және мәтіндік белгілеуден тұрады.
5. Фильм индексінің мәтіндік белгілеуі мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
6. Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі:
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарнама және өзге де баспа өнімдерінде;
фильмді демонстрациялау алдында көрсетіледі.
7. Фильмнің барлық жарнамалық баспа өнімдерінде фильмнің индексі жеке тікбұрышты бейнеде ерекше белгіленеді және мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1) орналасқан жері - баспа өнімінің ең бетіндегі сол жақтағы төменгі бұрышы (бұқаралық баспа құралдарында жарнамалау кезінде - жарнамалық модульдың сол жақтағы төменгі бұрышы);
2) ауданы - баспа өнімінің ең бетіндегі барлық ауданының жеті процентінен кем емес (бұқаралық баспа құралдарында жарнамалау кезінде - жарнамалық модуль ауданының жеті процентінен кем емес);
3) түсі - инверсия (қара фонда - ашық қаріппен, ашық фонда - қара қаріппен);
4) қарпі - негізгі мәтіннің қарпі.
8. Барлық бейнероликтердің соңында фильмнің индексі мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1) орналасқан жері - қандай да бір жанама ақпаратсыз экранның ортасына;
2) қарпі - негізгі мәтіннің қарпі;
3) ұзақтығы - үш секундтан кем емес;
4) дыбыстау тілі - бейнероликті демонстрациялау тілі.
Жарық беретін табло арқылы жарнамалау кезінде осы тармақтың 1)-3) тармақшаларының талаптары қолданылады.
9. Фильмді тікелей көрсетер алдында фильмнің индексі мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1) орналасқан жері - қандай да бір жанама ақпаратсыз экранның ортасы;
2) қарпі - фильмнің негізгі титрларының қарпі;
3) ұзақтығы - үш секундтан кем емес;
4) дыбыстау тілі - фильмді демонстрациялау тілі.
10. Жарнаманы қосарластыру түрінде, соның ішінде жүгіртпе жол тәсілімен пайдалану кезінде фильмнің индексі туралы ақпарат негізгі мәтіннен кейін сондай қаріппен орналастырылады.
11. Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындардың фойелері мен кассаның маңында міндетті түрде демонстрацияланатын фильмнің индексі туралы ақпарат орналастырылады.