«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмнің индексі туралы ақпарат беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6650 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 544-547 (26390) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті осы бұйрық күшіне енгізілгеннен кейін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Д. Мыңбай