Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерту енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 6 қарашадағы № 166 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 7 желтоқсанда № 6665 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер Бюллетенінде жарияланған, № 9-10, 219 құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 84-1, 84-2, 84-3, 84-4, 84-5, 84-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "84-1. Мүлікті осы Ережеде белгіленген тәртіппен сатқанға дейін, тарату комиссиясы тарату шығыстарын барынша азайту мақсатында таратылатын банктің мүлкін, оның ішінде тарату комиссиясымен атқарушылық іс жүргізу шегінде сот актілері бойынша қабылданғандарды, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебінен алынғандарды және белгіленген тәртіппен тіркелгендерді жалға беруді таратылатын банктің кредиторлар комитетімен келісу бойынша жүзеге асырады.

      Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі.

      Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны сату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды.

      Тарату комиссиясының жалға беру шартын жасасуы жалға алушының мүлікті тарату комиссияның бірінші талабы бойынша босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосымша жалдауға (субарендаға) беру мүмкін еместігі бойынша шектеулерді қабылдауға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      84-2. Банктің тарату комиссиясы жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша артықшылық ең жақсы жалға алу шарттарын ұсынған тұлғаға беріледі.

      84-3. Тендер өткізу туралы хабарландыру тендер өткізу күнінен кемінде он күнтізбелік күн бұрын аумағында жалға берілетін мүлік орналасқан облыс немесе қалада таралатын республикалық маңызы бар мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      Жалға алушыны таңдау бойынша тендер өткізу туралы хабарландыруда:

      1) тендерді өткізу күні, орны және уақыты;

      2) таратылатын банктің атауы;

      3) жалға берілетін мүліктің сипаттамасы;

      4) өтінімдерді қабылдайтын орны, уақыты және мерзімдері;

      5) тендер құжаттамасын және қосымша ақпарат алуға болатын телефондар, мекенжай қамтылады.

      84-4. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) хабарландыруда көрсетілген ақпарат;

      2) жалға берілетін мүлікті көрсету күні, уақыты және орны;

      3) жалға алу төлемін төлеу шарттары;

      4) негізінде тендердің жеңімпазы анықталатын критерийлер;

      5) жалға беру шартының жобасы.

      84-5. Таратылатын банктің бұрынғы басшы қызметкерлері, таратылатын банктің кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тартылған қызметкерлері тендерге қатыстырылмайды.

      84-6. Егер тендерге екі қатысушыдан кем қатысқан болса тендер өтпеді деп саналады.

      Тендер өтпеді деп танылған жағдайда тарату комиссиясы тендердің жалғыз қатысушысымен жалға беру шартын жасасу мәселесін қарайды.";

      111-тармақта:

      10) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) тарату комиссияның төрағасы қабылдаған таратылатын банктің мүлкін жалға беру туралы шешімді және тендерлік құжаттаманы келісу.".

      2. Осы қаулы ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларына мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 40 "Об утверждении Правил принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 6 ноября 2010 года № 166. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 декабря 2010 года № 6665. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 ноября 2020 года № 114.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.11.2020 № 114 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность ликвидационных комиссии принудительно ликвидируемых банков в Республике Казахстан, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства от 25 февраля 2006 года № 40 "Об утверждении Правил принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4181, опубликованное в июне 2006 года в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, № 9-10), следующие дополнения и изменение:

      в Правилах принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      дополнить пунктами 84-1, 84-2, 84-3, 84-4, 84-5, 84-6 следующего содержания:

      "84-1. До реализации имущества в порядке, установленном настоящими Правилами, с целью минимизации ликвидационных расходов, сдача ликвидационной комиссией в аренду имущества ликвидируемого банка, в том числе принятого ликвидационной комиссией банка по судебным актам, в рамках исполнительного производства, а также полученного в счет возмещения причиненного банку ущерба, и зарегистрированного в установленном порядке, осуществляется по согласованию с комитетом кредиторов ликвидируемого банка.

      Деньги, полученные от сдачи имущества в аренду, направляются в ликвидационную массу.

      Сдача имущества в аренду не приостанавливает осуществление ликвидационной комиссией мероприятий по его реализации.

      Заключение ликвидационной комиссией договора аренды осуществляется при наличии согласия арендатора на освобождение (возврат) имущества по первому требованию ликвидационной комиссии и на принятие ограничений по невозможности сдачи нанятого имущества в поднаем (субаренду).

      84-2. Выбор арендатора осуществляется ликвидационной комиссией банка путем проведения тендера, по результатам которого предпочтение отдается лицу, предложившему лучшие условия аренды.

      84-3. Объявление о проведении тендера публикуется не менее чем за десять календарных дней до даты проведения тендера в периодических печатных изданиях на государственном и русском языках, распространяемых по области или городу республиканского значения, на территории которых находится сдаваемое в аренду имущество.

      84-4. Объявление о проведении тендера по выбору арендатора содержит:

      1) дату, место и время проведения тендера;

      2) наименование ликвидируемого банка;

      3) характеристику имущества, сдаваемого в аренду;

      4) место, время и сроки приема заявок;

      5) телефоны, адреса, где можно получить тендерную документацию и дополнительную информацию.

      84-5. Тендерная документация содержит следующие сведения:

      1) информацию, указанную в объявлении;

      2) дату, время и место ознакомления с имуществом, сдаваемым в аренду;

      3) условия оплаты арендной платы;

      4) критерии, на основе которых будет определяться победитель тендера;

      5) проект договора аренды.

      84-6. Тендер считается несостоявшимся, если в нем приняло участие менее двух участников.

      В случае признания тендера несостоявшимся ликвидационная комиссия рассматривает вопрос о заключении договора аренды с единственным участником тендера.";

      в пункте 111:

      в подпункте 10) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";

      дополнить подпунктом 11) следующего содержания:

      11) согласование принятого председателем ликвидационной комиссии решения о сдаче в аренду имущества ликвидируемого банка, и тендерной документации.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      3. Департаменту ликвидации финансовых организаций (Жумабаева З.С.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков.

      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.

Председатель

Е. Бахмутова