Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011.12.02 № 441 Бұйрығымен.
«Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 17 қарашадағы № 388
бұйрығымен бекітілген
Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі
1. Құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттар:
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырған көшірме) – жеке тұлғалар үшін;
заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі және жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырған көшірме) – заңды тұлғалар үшін; жеке кәсіпкердің заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырған көшірме) – жеке кәсіпкерлер үшін.
2. Сыртқы сауда келiсiм-шартының (шарттың) түпнұсқасы мен көшiрмесi.
3. Тауардың толығымен Қазақстанда шығарылғаны туралы растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмесi (тауарды өндірушімен және тауарды алу туралы келісім, шикізатты өнімдеу және жасау құқығы бар құжат, тауарды алыс-беріс туралы құжаттары).
4. Қызмет түрiне берiлетiн лицензияның түпнұсқасы мен көшiрмесi.
5. Тауарды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiн айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмесi (тауардың өндіруінде қолданылатын шикiзат пен құрауыштарға келісімдер мен төлемді құжаттар, техникалық процесстің қысқаша сипаттамасы, нормативтік құжаттар, шетелде шығарылған пайдаланылатын шикiзат немесе құрауыш бағасын ескере отырып тауардың өзiндiк құн есебiнің шығын калькуляциясы, сонымен қатар көлiктiк және басқа жүкқұжаттар).
6. Егер тауар жануарлардан алынған, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен шыққан болса, ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi.
7. Қоймадағы тауардың бар екендiгi және мөлшерi туралы қойманың мекен-жайы көрсетiлген қоймалық анықтаманың түпнұсқасы мен көшiрмесi (қажет кезінде).
8. Жемiс-көкөнiс өнiмдерi үшiн: тауар өндiрушiмен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн мiндеттi түрде ұсынумен, өтiнiш берiлген өнiм легiнiң көрсетiлген аумақта өсiрiлгенi туралы Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтық бiрлiгiнiң жергiлiктi атқарушы органының растау анықтамасының түпнұсқасы мен көшiрмесi және өнiмдi өндiрушiмен жасалған шарт, тауарды сатып алу шарты.
9. Қазақстан Республикасынан тауарды кері экспорттау кезінде: тауарды алу туралы құжаттар (келісім, шот-фактура), Қазақстан Республикасының территориясына тауарды жеткізуді растайтын құжаттар (кедендік жүк декларациясы, тауардың шығу тегі туралы сертификатт).
Ескертпе: Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшiрмелерiмен салыстырып тексергеннен кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады.