«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 306-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3962 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.».
2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Алдабергенов
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
__________________ Құсайынов
2010 жылғы 15 желтоқсан