Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5811 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесінде:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны мен корпоративті Қорды қайта ұйымдастыру кезінде міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
3-2) ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін мынадай тұлғаларда:
басқа Қордың және (немесе) өзге заңды тұлғалардың қосылу нәтижесінде қайта ұйымдастырылған Қорда;
қайта ұйымдастырылған Қорда және қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған Қорда (Қорларда);
Қордың корпоративті түрінен ашық түріне өзгерту нәтижесінде болған ашық Қорда ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның жазбаша келісімінің болуы;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қордың (Қорлардың) меншікті капитал жеткіліктілігінің және зейнетақы активтерінің кірістілігі коэффициенттерінің болжамдық мәні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) бекітілген Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталған күнінен не осы Қордың корпоративті түрінен ашық түріне өзгеру кезінде Қорға зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүргізуге лицензиясы берілген күнінен кейін келетін бірінші есепті күніне сәйкестігі;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша Қордың қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігі;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 1), 2), 3-2) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің қатысуы бар Қорға, ұлттық әл-ауқат қорына және (немесе) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастыруы қосылу нысанында жүзеге асырылған кезде таралмайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қор (Қорлар) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алу үшін Қордың бірінші басшысының (ол болмаған жағдайда оның орнындағы тұлғаның) (Қорлардың бірінші басшыларының (олар болмаған жағдайда олардың орнындағы тұлғалардың) қолы қойылған өтінішін ұсынады.»;
4-тармақта «Қорды» деген сөзден кейін «(Қорларды)» деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақта:
«Қордың қайта», «Қорды қайта» деген сөздер тиісінше «Қордың (Қорлардың) қайта», «Қорды (Қорларды) қайта» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттің қатысуы бар Қор (Қорлар), ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру жоспарында осы тармақта көзделген ақпаратқа қосымша қайта ұйымдастырылған Қордың (Қорлардың) қызметін осы Ереженің 2-тармағының 1), 2), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келтіру мерзімдері туралы, жоспарланған іс-шаралары мен олардың орындалуына жауапты басшы қызметкерлері көрсетілген мәліметтері болады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті Заңның 43-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.
Уәкілетті органның Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат беруі оны берген күннен бастап тоғыз ай ішінде қолданылады.
Уәкілетті органның Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат беру қолданысы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) Қордың (Қорлардың) қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталғанда;
2) негізінде рұқсат берілген осы Ереженің 2-тармағында көзделген талаптар бұзылғанда, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін тоқтатылады.».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова