Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7543 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5811 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 199 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6724 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған, № 7).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 24 ақпандағы № 56
қаулысымен          
бекітілді          

Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру
және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерін беру
қағидалары

      Осы Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі – Қор) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берудің және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қорына берудің талаптары мен тәртібін айқындайды.

1. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі

      1. Қор (Қорлар) қайта ұйымдастыруға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсатын алу үшін Қордың бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда оның орнындағы тұлғаның қолы қойылған ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) ұсынады.
      2. Өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледi.
      3. Өтінішке Заңның 43-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттар қоса беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттарды қосылу жүзеге асырылатын Қор ұсынады.
      4. Уәкілетті орган Қордың өтінішін құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап бір ай ішінде қарастырады.
      5. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастырудың талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері Қорды қайта ұйымдастыру жоспарында айқындалады.
      6. Қорды қайта ұйымдастыруға арналған уәкілетті органның рұқсаты Қор мына талаптарды:
      1) есептелген теріс комиссиялық сыйақы сомасын меншікті қаражат есебінен берешек сомасын зейнетақы активтерінің шотына аудару арқылы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесінің болмауын;
      2) Қордың салымшылары (алушылары) алдындағы Қордың номиналды кірістілігінің көрсеткіші мен кірістілігінің барынша төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесінің болмауын;
      3) қайта ұйымдастырылған Қорға басқа Қорды және (немесе) өзге де заңды тұлғаларды қосу нәтижесінде оның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларда ірі қатысушы мәртебесін иеленуге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша келісімінің болуын;
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы Нұсқаулықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) белгіленген Қордың (Қорлардың) меншікті капиталының жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі коэффициенттерінің болжамдық мәнінің Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі бірінші есепті күнге сәйкестігін;
      5) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету бойынша Қорды қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шаралардың жеткіліктілігін;
      6) өзіне басқа Қорды (заңды тұлғаны) қосып алған Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша Қорды қайта ұйымдастыру жоспарында көзделген шараларының жеткіліктілігін;
      7) бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімінің болуын;
      8) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде баспа басылымдарында хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы Қорды қайта ұйымдастыру туралы шешімнің жариялануын;
      9) Қорға қосылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқа Қорлардың алдындағы міндеттемелерінің болмауын сақтаған кезде беріледі.
      Осы тармақтың 1)2)3)4) тармақшаларында белгіленген талаптар мемлекеттің қатысуы бар Қорға (Қорларға), «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне таралмайды.
      7. Қосылу жүзеге асырылатын Қорды қайта ұйымдастыру жоспарында мыналар:
      1) қайта ұйымдастыруды жүргізудің негіздемесі, қайта ұйымдастыру нысаны;
      2) зейнетақы және меншікті активтерге қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;
      3) қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтаудың болжамды мерзімдері;
      4) қосылатын Қор салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, зейнетақы активтерінің төлемдері және аударымдары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      5) пруденциалдық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      6) өзіне басқа Қорды (заңды тұлғаны) қосып алған Қордың бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      7) қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат қамтылады.
      Мемлекеттің қатысуы бар Қорды (Қорларды), «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қайта ұйымдастырған жағдайда, қосылу жүзеге асырылатын Қорды қайта ұйымдастыру жоспарында жоспарланған іс-шаралар мен олардың орындалуына жауапты басшы қызметкерлер көрсетіле отырып, қайта ұйымдастырылған Қордың қызметін осы Қағидалардың 6-тармағының 1)2)3)4) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келтіру мерзімдері туралы мәліметтер қосымша қамтылады.
      8. Қорды қайта ұйымдастыру туралы және қайта ұйымдастыру жоспарын бекіту жөніндегі шешім қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын Қор немесе өзге де заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғам акционерлері дауыстарының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
      9. Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қайта ұйымдастыру рәсіміне қатысатын Қордың мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:
      1) инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша кірістілігінің болжамы;
      2) қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты рентабельділік көрсеткіштерін талдау;
      3) зейнетақы активтерінің мөлшері жөніндегі болжам;
      4) меншікті активтердің мөлшері жөніндегі болжам;
      5) салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі инвестициялық портфельдің әрбір түрінің құрылымы бойынша болжам;
      6) қайта ұйымдастырудан кейінгі инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының өзгеруіне жасалатын болжам.
      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қор ұсынған құжаттар топтамасын қарастыру нәтижелері бойынша Қорды қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      11. Заңның 44-бабында көзделген негіздемелер бойынша Қорды қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беруден бас тартылады.
      12. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім Қорға жазбаша түрде жеткізіледі. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негіздемесі көрсетіледі.

2. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастырған жағдайда
зейнетақы активтерін беру тәртібі

      13. Қорды қайта ұйымдастырған кезде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін беру қосылатын Қор мен қосылу жүзеге асырылатын Қордың уәкілетті өкілдері, бұрынғы және жаңа кастодиан банктер, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар қол қойған зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Қосылатын Қор қабылдау-өткізу актісі бойынша қосылу жүзеге асырылатын Қорға ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін және ашық жеке зейнетақы шоты бар, қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөнінде мәліметі жоқ, оларға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын Қор салымшыларға (алушыларға) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасында жеке зейнетақы шотын ашатын салымшылардың тізімін береді.
      15. Қосылу жүзеге асырылатын Қор «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) қосылатын Қормен міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін, қосылу жүзеге асырылатын Қорға берілетін міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы мәліметтерді ұсынады.
      Осы тізім Орталыққа мәліметтерді беру күнінің алдындағы күннің аяғындағы қосылатын Қор салымшыларының ұқсас тізіміне сәйкес келуіне салыстырылып тексерілуі тиіс.
      16. Орталық қосылу жүзеге асырылатын Қордан қосылу жүзеге асырылатын Қорға берілетін жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оларды міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізеді және бұл туралы қосылу жүзеге асырылатын Қорға және қосылатын Қорға хабарлайды.
      17. Қосылу жүзеге асырылатын Қор Орталықтың міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне мәліметтерді енгізгені туралы электрондық хабарламаны алған күні салымшыға (алушыға) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасында жеке зейнетақы шотын ашады.
      Қосылатын Қор Орталықтың міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне мәліметтерді енгізгені туралы электрондық хабарламаны алған күні салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабады.
      18. Қосылу жүзеге асырылатын Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттары ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қосылатын Қор мен қосылу жүзеге асырылатын Қор, бұрынғы және жаңа кастодиан банктер мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылады.
      19. Зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген) 29-7 және 29-9-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтиды.
      20. Қосылатын Қор салымшылармен (алушылармен) міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың және жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы өтініштердің түпнұсқаларын барлық оларға қоса берілетін құжаттарымен бірге қосылу жүзеге асырылатын Қорға құжаттарды қабылдау-өткізу актісінің негізінде тапсырады.
      21. Қосылатын Қордың зейнетақы активтерін қосылу жүзеге асырылатын Қордың шотына аудару Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан активтерге қатысты - зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал шетелдік кастодиан банктердің шоттарындағы активтерге қатысты - зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады.
      22. Қосылу жүзеге асырылатын Қор қосылатын Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдағаны туралы ақпаратты кемінде екі мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      23. Қосылу жүзеге асырылатын Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін аударуға байланысты шығыстар Қордың (Қорлардың) меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      24. Зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын Қорға аталған аударым жасауды растайтын құжаттар оларды қосылу жүзеге асырылатын Қордың уәкілетті органы бекіткен күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру және қосылатын      
жинақтаушы зейнетақы     
қорының зейнетақы        
активтерін               
беру қағидаларына қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкінің Қаржы    
нарығын және қаржы       
ұйымдарын бақылау мен    
қадағалау комитетінің    
төрағасына               

Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру туралы
ӨТІНІШ 
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)

жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысының __________________ _____ жылғы «___» ____________ № ___ шешіміне сәйкес ____________________
         (өткізілетін орны) _________________________________________________________________
                         (Қордың атауы)

жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
       Жинақтаушы зейнетақы қоры өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):
      Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме)

      ___________________________       ___________
              (қолы)                        мөр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады