"Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қаңтарда № 6739 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 № 577 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 11 қыркүйектегі, № 138 (1735); «Заң газетiнде» 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 (1561), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың атауында «карт-шоттарындағы» деген сөз «ағымдағы шотындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесiнде:
      атауында және барлық мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» деген сөздер «ағымдағы шотындағы» «ағымдағы шот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      атауындағы «лимитінің» деген сөз «шығындарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-бағандағы «Шектеулер қою» деген сөздер «Шығындар тізбесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-баған алынып тасталсын:
      111 «Еңбекақы» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы»;
      113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шұғыл қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетін бір жолғы жәрдемақы»;
      131 «Тамақ өнімдерін сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «- спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының каникул және олардың оқу-жаттығу жиындарында болуы кезеңінде тамақтануымен;
      - донорларға ақысыз негізде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшін энергетикалық шығындарын толтыруға арналған тегін тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша»;
      132 «Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдар сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қанды сатып алу»;
      139 «Өзге де тауарлар сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік мекемелердің:
      - мемлекеттік саясатты және тауарлар үлгілерінің сатылу саласындағы сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалауды іске асыру үшін оларды сатып алумен байланысты техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау–қадағалау өкілеттіктерін іске асыратын;
      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әуе кемелеріне алыс және жақын шет елдерінде қызметтік іссапарларда болу кезінде жанар-жағар май (бұдан әрі - ЖЖМ) құю үшін материалдар құнын төлеумен байланысты;
      - «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде ветеринарлық бақылау посттарында көлік құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатындағы шығыстары бойынша;
      Мемлекеттік мекемелердің қондырғылар, көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алумен, байланысты шығыстары бойынша бірақта айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес»;
      149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көлік авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелеріне алыс және жақын шет елдерде іссапарларда болғанда қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтерін төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығындары бойынша»;
      151 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, баратын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгіленген басқа да шығыстар»;
      152 «Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, баратын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгіленген басқа да шығыстар»;
      153 «Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету»;
      157 «Ерекше шығындар» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк құпиялар, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, елдiң қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттер мен өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк органдар iске асыратын iс-шараларға арналған шығындар»;
      159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «- мәдени, спорттық және басқа да iс шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге;
      - бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алуға;
      - мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;
      - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлігіндегі өкілдік шығыстармен;
      - нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
      - қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша»;
      332 «Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почта аударымдары үшiн ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кетуi кезiнде азық-түлiк үлесiнiң орнына төленетiн ақшалай өтемақы бойынша»;
      334 «Стипендиялар» ерекшелігі бойынша:
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларына стипендиялар және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлiктерi тыңдаушыларының ақшалай ырыздық ақысын төлеуге байланысты шығындар бойынша».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы министрі                                 Б. Жәмішев

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на карт-счете государственных учреждений"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2010 года № 665. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 января 2011 года № 6739. Утратило силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 ноября 2015 года № 577

      Сноска. Утратило силу приказом Министра финансов РК от 20.11.2015 № 577.

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 331 "Об утверждении Правил ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на карт-счете государственных учреждений" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5760, опубликованный в "Юридической газете" от 11 сентября 2009 года, № 138 (1735); "Заң газетi" 2009 жылғы 11 қырқүйек, № 138 (1561); Собрание актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 10, 2009 года), следующие изменения и дополнения:
      в наименовании приказа слово "карт-счете" заменить словами "текущем счете";
      в Правилах ведения кассовых операций, определения лимита остатка наличных денег в кассах и на карт-счете государственных учреждений, утвержденных указанным приказом:
      в наименовании и по всему тексту слова "карт-счете", "карт-счету" заменить словами "текущем счете", "текущему счету";
      в приложении 1 к указанному приказу:
      в наименовании слово "лимитов" заменить словом "затрат";
      в графе 6 слова "Установление ограничения" заменить словами "Перечень затрат";
      графу 7 исключить;
      по специфике 111 "Оплата труда":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Должностной оклад военнослужащим";
      по специфике 113 "Компенсационные выплаты":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Единовременное пособие военнослужащим срочной военной службы при увольнении с военной службы";
      по специфике 131 "Приобретение продуктов питания":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "По затратам, связанным с:
      - питанием учащихся школы-интерната для одаренных в спорте детей в период каникул и нахождения их на учебно-тренировочных сборах;
      - выплатой денежной компенсации донорам за осуществление дачи (донации) крови на безвозмездной основе взамен бесплатного питания, выдаваемого для восполнения энергетических затрат";
      по специфике 132 "Приобретение медикаментов и прочих средств медицинского назначения":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Приобретение крови";
      по специфике 139 "Приобретение прочих товаров":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "По затратам государственных учреждений:
      - реализующих государственную политику и осуществляющих контрольно-надзорные полномочия в области технического регулирования и метрологии, связанным с покупкой и испытанием образцов товаров для осуществления государственного надзора за их качеством и безопасностью в сфере их реализации;
      - связанным с оплатой стоимости горюче-смазочных материалов (далее - ГСМ) для заправки воздушных судов Министерства обороны Республики Казахстан и правоохранительных органов Республики Казахстан при нахождении их в служебных командировках в странах дальнего и ближнего зарубежья;
      - связанным с оплатой стоимости ГСМ для заправки специального автомобильного транспорта, осуществляющего ликвидацию очагов особо опасных болезней животных, включенных в перечень, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" от 28 апреля 2003 года № 407, дезинфекции транспортных средств на ветеринарных контрольных постах, по решению государственных органов, изъятие и уничтожение животных, больных особо опасными болезнями животных, а также при приобретении ГСМ, в целях уничтожения животных, больных особо опасными болезнями животных;
      По затратам государственных учреждений, связанным с приобретением запасных частей для оборудования, транспортных средств, но не более 20 месячных расчетных показателей в месяц";
      по специфике 149 "Прочие услуги и работы":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "По затратам государственных учреждений, связанным с оплатой услуг аэропорта по обслуживанию воздушных судов военно-транспортной авиации Сил воздушной обороны Вооруженных сил, правоохранительных органов Республики Казахстан при нахождении их в служебных командировках в странах дальнего и ближнего зарубежья";
      по специфике 151 "Командировки и служебные разъезды внутри страны":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Суточные за время нахождения в командировке, расходы по проезду к месту назначения и обратно, расходы по найму жилого помещения и прочие затраты, установленные законодательством центральным и местным государственным органам и органам, занимающимся оперативно-розыскной деятельностью";
      по специфике 152 "Командировки и служебные разъезды за пределы страны":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Суточные за время нахождения в командировке, расходы по проезду к месту назначения и обратно, расходы по найму жилого помещения и прочие затраты, установленные законодательством центральным и местным государственным органам и органам, занимающимся оперативно-розыскной деятельностью";
      по специфике 153 "Затраты Фонда всеобщего обязательного среднего образования":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Оказание денежной помощи остро нуждающимся учащимся государственных общеобразовательных школ из числа малообеспеченных семей";
      по специфике 157 "Особые затраты":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "Затраты на мероприятия, реализуемые государственными органами в соответствии с задачами и полномочиями, предусмотренными законодательными актами Республики Казахстан, регулирующими вопросы государственных секретов, осуществление оперативно-розыскной деятельности, обеспечение обороноспособности и национальной безопасности страны";
      по специфике 159 "Прочие текущие затраты":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "По затратам, связанным с:
      - выплатой различных премий, призов, памятных подарков, денежных вознаграждений победителям и участникам культурных, спортивных и других мероприятий, других денежных выплат физическим лицам;
      - приобретением проездных билетов для лиц, освобождаемых от отбывания наказания в виде ограничения свободы, ареста или лишения свободы, до места жительства;
      - проведением выездных мероприятий (проезд, проживание, питание), кроме командировочных расходов работников государственных учреждений;
      - представительскими затратами, в части возмещения расходов по проезду участников (представители различных регионов республики, ближнего, дальнего зарубежья) мероприятий, проводимых администраторами бюджетных программ;
      - оплатой нотариальных услуг;
      - прохождением технического осмотра служебного автотранспорта и приобретением государственных номеров на служебный автотранспорт";
      по специфике 332 "Трансферты физическим лицам":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "По затратам, связанным с - выплатой денежной компенсации за почтовые переводы военнослужащим срочной службы, курсантам первых и вторых курсов военных (специальных) учебных заведений, денежная компенсация взамен продовольственного пайка, выплачиваемая военнослужащим срочной службы, курсантам военных (специальных) учебных заведений при убытии в отпуск";
      по специфике 334 "Стипендии":
      графу 6 изложить в следующей редакции:
      "По затратам, связанным с выплатой стипендий учащимся профессионально-технических школ и денежного довольствия слушателей учебных заведений правоохранительных органов, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Министерств обороны и по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан".
      2. Комитету казначейства Министерства финансов Республики Казахстан (Досмукаметову К.М.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в официальных средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов                           Б. Жамишев