Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 № 577 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 11 қыркүйектегі, № 138 (1735); «Заң газетiнде» 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 (1561), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауында «карт-шоттарындағы» деген сөз «ағымдағы шотындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесiнде:
атауында және барлық мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» деген сөздер «ағымдағы шотындағы» «ағымдағы шот» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
атауындағы «лимитінің» деген сөз «шығындарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-бағандағы «Шектеулер қою» деген сөздер «Шығындар тізбесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған алынып тасталсын:
111 «Еңбекақы» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы»;
113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Шұғыл қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетін бір жолғы жәрдемақы»;
131 «Тамақ өнімдерін сатып алу» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«- спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының каникул және олардың оқу-жаттығу жиындарында болуы кезеңінде тамақтануымен;
- донорларға ақысыз негізде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшін энергетикалық шығындарын толтыруға арналған тегін тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша»;
132 «Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдар сатып алу» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қанды сатып алу»;
139 «Өзге де тауарлар сатып алу» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік мекемелердің:
- мемлекеттік саясатты және тауарлар үлгілерінің сатылу саласындағы сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалауды іске асыру үшін оларды сатып алумен байланысты техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау–қадағалау өкілеттіктерін іске асыратын;
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әуе кемелеріне алыс және жақын шет елдерінде қызметтік іссапарларда болу кезінде жанар-жағар май (бұдан әрі - ЖЖМ) құю үшін материалдар құнын төлеумен байланысты;
- «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде ветеринарлық бақылау посттарында көлік құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатындағы шығыстары бойынша;
Мемлекеттік мекемелердің қондырғылар, көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алумен, байланысты шығыстары бойынша бірақта айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес»;
149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көлік авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелеріне алыс және жақын шет елдерде іссапарларда болғанда қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтерін төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығындары бойынша»;
151 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, баратын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгіленген басқа да шығыстар»;
152 «Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар үшін заңнамамен белгіленген іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік, баратын жерге және кері қайту жол жүру үшін шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгіленген басқа да шығыстар»;
153 «Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету»;
157 «Ерекше шығындар» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк құпиялар, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, елдiң қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттер мен өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк органдар iске асыратын iс-шараларға арналған шығындар»;
159 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«- мәдени, спорттық және басқа да iс шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге;
- бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алуға;
- мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;
- бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлігіндегі өкілдік шығыстармен;
- нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
- қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша»;
332 «Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почта аударымдары үшiн ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кетуi кезiнде азық-түлiк үлесiнiң орнына төленетiн ақшалай өтемақы бойынша»;
334 «Стипендиялар» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларына стипендиялар және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлiктерi тыңдаушыларының ақшалай ырыздық ақысын төлеуге байланысты шығындар бойынша».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрі Б. Жәмішев