Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2014.09.19 № 622 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты-түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген және 2007 жылғы 2 қарашадағы № 168(1197) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
5-тармақта «,» деген тыныс белгісі «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бірінші абзацта «босатылған адамдарды» деген сөздер «босатылған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының жеке профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам қасақана жасаған қылмыстың әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді.»;
11-тармақта «инспекторы» деген сөзден кейін «немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы
(бұдан әрі – учаскелік полиция инспекторы)» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта «, кейіннен профилактикалық есепке қойылады және бақылау карточкасы ашылады» деген сөздер алып тасталсын;
19, 20, 21, 22, 23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін учаскелік полиция инспекторы үш тәулік ішінде ҚАІІО-ның бастығына оларға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы қаулы (Ережеге 5-қосымша) енгізеді.
20. Тұрғылықты жерінен, жұмыс және оқу орнынан кетпеуге қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабы 1-тармағының
2) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.
21. Есепке қойғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер ол бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған не болмаса Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы ұсыныс енгізетінін түсіндіреді.
22. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға шектеулер белгілеу туралы қаулы бақылау ісі материалдарына тігіледі. Қаулының көшірмесі мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға түпнұсқасына қол қою арқылы тапсырылады.
23. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 тәуліктен астам уақыт тұрғылықты жеріне келмеген және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, учаскелік полиция инспекторы бұл туралы ҚАІІО-ның бастығына жазбаша баянатпен баяндайды және оның жүрген жері мен жалтару себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.
24. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адам бірнеше (екі немесе одан да көп) әкімшілік құқық бұзушылық не болмаса әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ҚАІІО-ның бастығы сотқа мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның жеке басын, мінез-құлқын сипаттайтын деректер мен бақылау ісі материалдарын қоса отырып, жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың күшін жою туралы дәлелді ұсыным (Ережеге 6-қосымша) жолдайды.»;
26, 27, 31, 33-тармақтарда «белгілеген» деген сөз «жүктеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдарының жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Т. Қабденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң күшіне енеді.
Министр С. Баймағанбетов
Келісілген:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры Жоғарғы Сотының төрағасы
_____________ Қ. Мәми ___________ М. Әлімбеков
2011 жылғы 28 қаңтар 2011 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Р. Түсіпбеков
2010 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 361 бұйрығына қосымша
Жазасын өтеуден мерзімінен
бұрын-шартты түрде
босатылған адамдардың мінез
құлқын бақылауды жүзеге
асыру ережесіне 5-қосымша
Бекітемін
______________________бастығы
ҚАІІБ-нің атауы
_____________________________
атағы, Т.А.Ә. қолы
20__жылғы «____»_____________
Мерзімінен шарты-түрде босатылған адамға қатысты
міндеттерді белгілеу туралы
қаулы
______________________________________________учаскелік полиция
(ҚАІІО-ның атауы)
инспекторы __________________________________________________________
(Т.А.Ә., атағы)
_____________________________________________________________________
(соттың толық атауы)
20__ жылғы «__»____________сот қаулысын қарап, оған сәйкес __________
______________________________________________________жазасын өтеуден
(шартты мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә.)
шартты мерзімінен бұрын босатылды және оған мынадай міндеттер жүктелді:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
Ескертпе: Егер сот қаулысында тек Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сілтеме жасалған жағдайда «ҚАК-нің 178-2-бабында көзделген......... міндеттер жүктелді».
20___ «____»___________ сот қаулысы күшіне енгеннен соң шартты мерзімінен бұрын босатылған ________________________________________
_____________________________________________ мына мекен-жай бойынша тұруға келді.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шартты мерзімінен бұрын босатылғанға сот жүктеген міндеттерді белгілеу қажет.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабын басшылыққа ала отырып,
Қаулы етемін:
____________________________________________________қатысты мынадай
тегі, аты-жөні
міндеттер белгіленсін:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
Ескертпе: Шектеулер тізімі шартты мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 178-2-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттермен қатаң сәйкестікте белгіленеді.
___________________________________учаскелік полиция инспекторы
ҚАІІБ-нің атауы
_______________________________________________________________
атағы, Т.А.Ә.
20____жылғы «____»______________