Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.11.2015 № 1113 бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ереженің 21-тармағы 6-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтердің берілген түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар және телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға ұсыну салаларындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифті реттеу департаменті (Т.Қ. Наметчаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Есекеев
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 18 қаңтардағы
№ 6 бұйрығымен бекітілген
Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін коспағанда,
қызметтердің берілген түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін
болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес
байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар және
телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы
телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан
байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды
мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға ұсыну
салаларындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)
қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтердің берілген түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар және телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға ұсыну салаларындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Ереже телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтердің берілген түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар және телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға ұсыну салаларындағы реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) (бұдан әрі - телекоммуникациялардың реттелетін қызметтері) көрсететін, табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
3. Телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне тең қол жеткізуі барлық тұтынушыларға осы көрсетілетін қызметтердің кемсітпеушілік жағдайын қамтамасыз етуін көздейді.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) байланыс операторы - Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актісімен белгіленген тәртіпте байланыс қызметтерін көрсетуге лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
2) тұтынушы - Субъектінің телекоммуникациялар реттелетін қызметтерімен пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
3) Субъектінің реттелетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы Субъектімен ұсынылатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
4) уәкілетті орган - табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мен байланыс туралы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қолданылады.
2. Телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне қол
жеткізудің тең жағдайлар ұсынудың жалпы
қағиттары мен тәртіптері
5. Телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне тұтынушылар қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып жүзеге асырылады:
1) барлық тұтынушылар үшін телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне тең қолжетімділігі;
2) барлық тұтынушыларға қатысты телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
3) телекоммуникациялар реттелетін қызметтері тізбесінің, телекоммуникациялар реттелетін қызметтері тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының), телекоммуникациялар желілеріне қосылатын стандартты нүктелер тізбесінің және телекоммуникациялар желілеріне байланыс операторларын косу жағдайларының ақпараттық ашықтығы.
6. Телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне қол жеткізу құқығын алу үшін тұтынушы Субъектіге телекоммуникациялардың реттелетін қызметтерін көрсетуге еркін нысанда жасалған өтініш (бұдан әрі - өтініш) жолдайды.
7. Тұтынушылардың өтініштері тең жағдайларда қабылданады, өтініш көлеміне не қызметтер тұтынудың басқа жағдайларына қарамастан.
8. Өтініш жазбаша түрінде екі данада рәсімделеді, олардың бірі тіркелген нөмірмен, күнімен, түсу күнімен тұтынушыда қалады.
9. Субъект өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленген және тігілген болу тиіс. Өтініштерді тіркеу журналында өтініш түскен күні мен уақыты, сондай-ақ оның тіркелген нөмірі тіркеледі.
Тіркеуден бас тарту, өтініштің түскен күні мен уақытын бұрмалау, сондай-ақ олардың тіркелген нөмірлері жіберілмейді.
10. Субъектпен өтініштерді қарастыру, олардың келіп түскеннен бастап тиісті кезекшіліктің жалғаспалылығымен отыз күнтізбелік күні ішінде жүргізіледі.
11. Тұтынушы телекоммуникациялардың реттелетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда, өтінішті ұсынғанға, Субъект келесі кезекшілік бойынша байланыс операторына тиісті қызметтер ұсынады.
12. Субъект пен тұтынушы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте уәкілетті органмен бекітілген келісім шарт негізінде тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) еске алумен құрылады.
13. Тұтынушыларына телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне кол жеткізуді алудың тең жағдайлар сатысында ұсыну мақсатында Субъект өзінің интернет-ресурсында жариялайды не орналастырады:
1) телекоммуникациялардың реттелетін қызметтер тізбесі;
2) телекоммуникациялардың реттелетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкалары);
3) қосылудың стандарттық нүктелер тізбесі;
4) телекоммуникациялар желісіне қосылу және телефон трафигін өткізуге байланысты, Субъектінің алаңдарын, үй-жайларын және мүліктерін қолдану шарттарын қоса, Субъектінің телекоммуникация желісіне байланыс операторларын телекоммуникация желісіне қосылудың типтік шарттары;
5) телефон кәрізін пайдалануға ұсыну бойынша типтік шарттары.
14. Байланыс операторларының Субъект телекоммуникация желілеріне қосылу Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3041 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережесімен көзделген тәртіпте Субъектпен қосылуына және кәбілді төсеуіне берілетін техникалық шарттарын олармен орындағанда жүргізіледі.
15. Субъект тұтынушыларымен кабель салуға техникалық шарттарды орындау мерзімі ішінде телефон кәрізінде арна немесе орынды тұтынушыларға ақысыз сақтайды.
16. Тұтынушыларымен қосылу және кабілді төсеу типтік шарттарын орындағаннан кейін, телекоммуникацияның басқа желілерін қосу қызметтерін көрсететінін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 709 қаулысымен бекітілген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторлары үшін желілердің өзара әрекеттестігі және трафикті өткізу бойынша осы міндеттемелерге байланысты және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекітілген байланыс операторларына телефондық (кәбілдік) кәрізін пайдалануға ұсыну Типтік шартына сәйкес талаптарын айқындайтын, қосылудың Типтік шартына сәйкес Субъект байланыс операторларымен шарт жасасады.
17. Субъектпен телекоммуникациялардың реттелетін қызметтеріне тұтынушыларының кол жетімділік шарттарын күштеп таңу және олармен байланыс операторларының кемсітушілікке апаратын басқа іс-әрекеттерді болдыру жіберілмейді.
18. Субъект тұтынушыларына телекоммуникациялардың реттелетін қызметтерін және телекоммуникациялардың реттелетін қызметтерін көрсетуіне байланысты ақпаратын бірдей шартта ұсынады.