"Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 30 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6057 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйекте N 220 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.07  N 220(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 125-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық–коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асырудың мақсатында қабылдануы керек нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3652 тіркелді, 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 172 «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесінде:
      3 тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) домендiк атау - Интернет желiсiндегi адресаттың ережелерiне сәйкес қалыптастырылған, желiнiң объектiсiне атаулы жолданымға арналған және белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес нышандық (әрiптiк-цифрлы) белгi;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Интернет желісінің қазақстандық сегменті - Қазақстан Республикасының хостингтерінде (серверлерде) орналастырылған ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жиынтығы;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тіркеу орны – Интернет желісінде KZ домендік атаулардың жұмыс істеуін қолдау және Тізілімін жүргізу үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты бойынша және ICANN (Internet Corporation for Assignet Names and Numbers) халықаралық ұйымымен аккредиттелген ұйым;»;
      14) тармақша алынып тасталсын;
      7-тармақта:
      бірінші абзацтағы «тіркеуден бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «тіркеуден бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) сол немесе қайталаушы атаумен домендік атауын пайдалануға тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімі бар болса.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Домендік атауларды тіркеу мынадай жағдайларда тiркеушiмен немесе тiркеу орнымен тоқтатылады:
      1) тiркеу кезiнде тiркелушi ұсынған ақпараттың толық емес немесе шынайы еместiгi анықталғанда;
      2) домендiк атаудың иеленушісі ауысқан кезде;
      3) тiркелушiнің өтінімі бойынша;
      4) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот шешімі бойынша.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Домендік атаулардың тіркелімінің күшін жою мынадай жағдайда жүргізіледі:
      1) қосымша деректері берілмесе;
      2) домендік атауды тіркеуді тоқтатылған себептерін жойылмаса;
      3) осы Ереженің 17-тармағында көзделгендей.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
      «6. Домендік атауларды пайдалануға тыйым салу
      16. Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылатын Интернет-ресурста орналасқан ақпаратты таратуды тоқтату туралы сот шешімі сол атаумен немесе қайталанатын атаумен үш айға дейінгі мерзімде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
      17. Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылатын Интернет-ресурста орналасқан ақпаратты таратуды тоқтату туралы сот шешімі, бұрын сот шешімімен сол домендік атауды немесе қайталанатын атаумен тіркеудің күші жойылмаса бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарда оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дурмағамбетовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігі төрағасы                               Қ. Есекеев

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      Комитетінің төрағасы
      А. Шаяхметов
      2010 жылғы 5 ақпан

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 5 апреля 2005 года № 88-б "Об утверждении Правил распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 февраля 2010 года № 30. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 февраля 2010 года № 6057. Утратил силу приказом Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220

      Сноска. Утратил силу приказом Министра связи и информации РК от 07.09.2010 № 220 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об информатизации" и пунктом 11 Перечня нормативных правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации Закона Республики Казахстан от 10 июля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информационно-коммуникационных сетей", утвержденного распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 25 августа 2009 года № 125-р, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 5 апреля 2005 года № 88-б "Об утверждении Правил распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3652, опубликован в "Юридической газете" от 20 сентября 2005 года № 172), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 3:
      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:
      "1) уполномоченный орган в сфере информатизации (далее - уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере информатизации и "электронного правительства";
      2) доменное имя - символьное (буквенно-цифровое) обозначение, сформированное в соответствии с правилами адресации сети Интернет, предназначенное для поименованного обращения к объекту сети и соответствующее определенному сетевому адресу;";
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) казахстанский сегмент сети Интернет - совокупность информационных ресурсов и информационных систем, размещенных на хостингах (серверах) Республики Казахстан;";
      подпункт 11) изложить в следующей редакции:
      "11) регистратура - организация, аккредитованная международной организацией ICANN (Internet Corporation for Assignet Names and Numbers) по ходатайству уполномоченного органа в области информатизации и связи для ведения Реестра и поддержки функционирования доменных имен KZ в сети Интернет;";
      подпункт 14) исключить;
      в пункте 7:
      в абзаце первом слова "может быть отказано" заменить словом "отказывается";
      дополнить подпунктом 5) следующего содержания:
      "5) при наличии вступившего в силу решения суда о запрете на использование доменного имени с тем же или дублирующим названием.";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Регистрация доменного имени приостанавливается регистратурой или регистратором в случаях:
      1) выявления неполной или недостоверной информации, представленной регистрантом при регистрации;
      2) при смене владельца доменного имени;
      3) по заявлению регистранта;
      4) по решению суда в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Отмена регистрации доменного имени производится в случаях:
      1) не предоставления дополнительных данных;
      2) не устранения причины, по которой произведено приостановление регистрации доменного имени;
      3) предусмотренном пунктом 17 настоящих Правил.";
      дополнить главой 6 следующего содержания:
      "6. Запрет на использование доменного имени
      16. Решение суда о приостановлении распространения информации, размещенной на интернет-ресурсе, являющемся средством массовой информации, влечет запрет на использование доменного имени с тем же или дублирующим названием на срок до трех месяцев.
      17. Решение суда о прекращении распространения информации, размещенной на интернет-ресурсе, являющемся средством массовой информации, влечет запрет на использование в течение одного года доменного имени с тем же или дублирующим названием, регистрация которого ранее отменена решением суда.".
      2. Департаменту информационных технологий Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи (Елеусизова К.Б.) обеспечить в установленном законодательством порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его официальное опубликование в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Дурмагамбетова Е.Д.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Агентства Республики Казахстан
      по информатизации и связи                  К. Есекеев

      Согласовано:
      Председатель Комитета
      национальной безопасности
      Республики Казахстан
      А. Шаяхметов
      5 февраля 2010 года