Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокуратурасының 2012.01.20 № 4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау рәсімін оңтайландыру мақсатымен және Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 қыркүйектегі № 37 бұйрығына (2007 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4958 болып енгізіліп, 2007 жылдың Қазақстан Республикасы орталық аппарат және өзге мемлекеттік органдар актілері жинағында жарияланған, қыркүйек-қазан айлары төмендегі өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді:
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы ғылыми және өзге де мекемелерінің басшыларына» сөздері «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомство мен мекеме басшыларына» сөздерімен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Бас прокуратура жанындағы ғылыми және өзге де мекемелерінің басшыларына» сөздері «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомство мен мекеме басшыларына» сөздерімен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Бас прокуратурасы жанындағы ғылыми және өзге де мекемелерінің басшыларына» сөздері «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомство мен мекеме басшыларына» сөздерімен ауыстырылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Нұсқаулықта:
14-тармақтың 1) тармақшасындағы «Бас прокуратура жанындағы ғылыми және өзге мекемелердің басшыларын» сөздері «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомство мен мекеме басшыларын» сөздерімен ауыстырылсын;
17 тармақта:
1), 2) тармақшаларында «азаматтарын» сөзі алынып тасталсын;
2-1) тармақша мына мазмұнда толықтырылсын:
«2-1) қылмыстық және азаматтық істер бойынша қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінімдер.
Қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚІЖК) 407, 462-баптарының, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚР АІЖК) 391-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ҚР ҚІЖК 462-1-бабына, ҚР АІЖК 392-бабына сай шешім қабылданбай өтініш иесіне қайтарылады. Сонымен қатар, қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінімді берген тұлғаға оның Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына (бұдан әрі - Жоғарғы Сот) тікелей арыздануына, не болмаса өтінімді қайтаруға негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан Бас прокуратураға өтінім беруге құқылы екендігі түсіндіріледі.
ҚР АІЖК 388-бабының, 1-бөлігінде және ҚР ҚІЖК 461-бабында қарастырылған қадағалау шағымдану, наразылық келтіру мерзімдерін өткізіп алған тұлғалардың сот актілеріне наразылық келтіру туралы алғашқы өтінімдері оларға қараусыз қайтарылады;»;
19-тармақтағы «Бас прокуратура жанындағы ғылыми және басқа мекемелердің» сөздері «Бас прокуратураның ведомстволары мен мекемелері» сөздерімен ауыстырылсын;
22-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Өтініш төмен тұрған прокуратураларға, басқа органдарға, ұйымдарға өтінішті тікелей қараған прокурордың қол қоюымен жолданады.»;
26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Өтінішті жеделдете шешу мақсатында өтінішті тікелей шешетін прокурор мемлекеттік органдардан өтініштің нысанына қатысты тексеру материалдары мен ақпараттарды, істерді (орталық (облыстық) бөлімшілердің бірінші басшыларына жолданатын және жолдануы Қазақстан Республикасы заңнамасымен өзге тәртіпте белгіленген сұранымдардан бөлек) өзі қолтаңбасын қойып, ақпарат пен байланыс жүйесінің техникалық құралдарын пайдалану арқылы, сұратуға (қайтаруға) құқылы. Істерді, қажетті материалдарды талап етудегі сұраныс өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күн мерзімінен кешіктірілмей жолдануы тиіс.».
33-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Төмен тұрған прокуратураға өтініштердегі, депутаттардың сауалдарындағы дәлелдерді тексеру туралы тапсырма өтінішті шешетін прокурордың қол қоюымен, тексерілуге жататын нақты мән-жайларды және оның орындалу мерзімін міндетті түрде белгілеу арқылы беріледі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Өтініш бойынша зерттеу арқылы шешілген қылмыстық, азаматтық және басқа да істер, сондай-ақ төмен тұрған прокуратуралармен жүргізілген тексеру материалдары бойынша қабылданған шешіммен келіскен жағдайда, арызданушының келтірген барлық мән-жайлары ескеріліп, дәлелді қорытынды жасалады. Бас прокуратурада әзірленген қорытындыны басқарма департаментінің, жеке басқарманың басшысы, ал төмен тұрған прокуратурада - прокуратура басшысы немесе оның орынбасары бекітеді. Ал осы Нұсқаулықтық 14, 15 тармақтарына сәйкес шешілген өтініштер бойынша қорытындыны Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары немесе Бас Прокурор өзі бекітеді.»;
48 тармақта «Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің» сөздері «ҚР ҚІЖК» сөздерімен ауыстырылсын;
53-тармақта:
2) тармақшада:
екінші абзацтағы «Бас прокуратураның» сөздері «Бас прокуратураның ведомстволары мен мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен мекемелерінің басшылары атынан:
бағынышты қызметкерлердің шешімдері және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өтініштерге;
бағынышты қызметкермен жауап берілген алдыңғы өтініштерге байланысты сұрақтар бойынша, аталған тұлғалардың тікелей басшысы болып табылатын басқарма мен бөлім басшыларының қарауынан кейін;
саяси партиялардың өтініштеріне;
осы тармақтың 1), 2), 3-1), 7) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа өзге де өтініштер бойынша жауап беріледі;»;
3-1) тармақша мына мазмұнда толықтырылсын:
«3-1) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің құрамындағы басқарма және бөлім басшылары атынан:
бағынышты қызметкерлермен жауап берілген алдыңғы өтініштерге байланысты сұрақтар бойынша;
осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа өзге де өтініштер бойынша жауап беріледі;»;
5) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5) Бас әскери прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның ведомство және мекеме басшылары, сондай-ақ облыс прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлардың атынан:
бағынышты қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану өтініштері бойынша;
бағынышты қызметкерлер жауап берген алдындағы өтініштерге байланысты сұрақтар бойынша;
осы тармақтың 4), 7) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа өзге де өтініштер бойынша жауап беріледі;»;
6) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6) қалалық, аудандық, әскери, арнайы прокурорлар атынан:
түсіндіру жөнінде, заң нормаларын қолдану немесе басқа түсіндіру сипатындағы қала, аудан, әскери, арнайы прокуратураларда шешілген өтініштер бойынша;
қала, аудан, әскери, арнайы прокуратураларда шешілу қорытындысы бойынша қанағаттандырусыз қалған өтініштерге;
бағынышты қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне шағымданған өтініштерге;
бағынышты қызметкерлермен жауап берілген алдыңғы өтініштерге байланысты сұрақтар бойынша жауап беріледі;»;
7) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«7) өтінішті шешетін прокурордың атынан:
өтініштің қанағаттандырылғаны туралы;
өтініштен бас тартылғаны туралы, егер осы Нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен басқа тәртіп қарастырылмаған жағдайда;
түсіндіру сипатындағы, егер Осы Нұсқаулықпен өзге тәртіп қарастырылмаған жағдайда;
Сонымен қатар, барлық деңгейдегі прокуратура және прокуратура мекемелерінің басшылары өз қалауынша кез келген алдыңғы өтініштерді бақылауға алып, өзінің қолтаңбасын қойып, жауаптар беруге құқылы.»;
55-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
«Өндірісіне өтініш келіп түскен қызметкерлер, олардың сапалы және уақтылы қарастырылуына жеке жауапты.».
2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алуға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты шаралар қолдансын.
3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары таныстырылып, көшірмелері Бас прокуратураның құрылымдық бөлімше басшыларына, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің төрағасына, Бас прокуратураның жанындағы С.Есқараев атындағы Институттың директорына, Бас әскери прокурорға, облыстық және оған теңестірілген прокурорларға басшылыққа алу және орындау үшін жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми түрдегі жарияланымнан соң 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Қ. Мәми