Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6170 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 518 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2018 № 518 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен бекітілген

Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы
1. Жалпы ереже

      1. Осы бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.

      2. Бағдарлама екі "Жалпы пәндер" және "Мамандықтар топтамасы" модулдан тұрады.

      3. "Жалпы пәндер" модулы мамандықтардың барлық түрлері бойынша қайта даярлау үшін міндетті.

      4. "Мамандықтар топтамасы" модулы үш пәнді:

      1) жылжымайтын мүлікті бағалауды;

      2) жылжымалы мүлікті бағалауды;

      3) зияткерлік меншік, материалдық емес активтердің құнын және мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалауды қамтиды.

2. Кәсіптік даярлау бағдарламаларының мазмұны

      5. Барлық мамандықтар үшін міндетті жалпы пәндер – 20 сағат:

      1) бағалау қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      2) бағалау стандарттары және оларды қолдану практикасы;

      3) нарықтық баға белгілеудің микро- және макроэкономикалық негіздері;

      4) бухгалтерлік есеп және аудит негіздері;

      5) экономикалық талдау;

      6) салық және салық салу;

      7) бағалаудағы математикалық әдістер.

      6. Таңдап алынған мамандық бойынша пәндер:

      1) жылжымайтын мүлікті бағалау – 40 сағат:

      жылжымайтын мүлікті бағалау туралы ұғымы. Құн, бағалар, шығын, құнды бағалау ұғымы. Бағалау қағидаттары. Жылжымайтын мүлік құнын есептеу негіздері;

      жылжымайтын мүлік объектісін және оның орналасу ауданын талдау. Нарықтық ақпараттарды жинау және өңдеу, ұқсас-объектілерді, салыстыру элементтерін және салыстыру бірлігін таңдау;

      жылжымайтын мүлікті бағалау жөнінде есептерді жасауға жалпы талап;

      жер учаскелерін бағалау негіздері және әдістері;

      жылжымайтын мүлік құнын шығындық амалмен есептеу техникасы;

      жылжымайтын мүлік құнын салыстырмалы амалмен есептеу техникасы;

      жылжымайтын мүлік құнын табыстық амалмен есептеу техникасы;

      жылжымайтын мүлікті бағалауға үш тәсілді келісу;

      жылжымайтын мүліктің әр түрі үшін бағалау үлгілері. Жүзу кемелерін және ұшу аппараттарын бағалау ерекшеліктері;

      жылжымайтын мүліктің нарық құнының қорытынды шамасын таңдау, есеп жасау;

      2) жылжымалы мүлікті бағалау – 40 сағат:

      жылжымалы мүлік объектілерінің жіктелімі. Машиналар нарығының, жабдықтар мен көлік құралдарының ерекшелігі, бастапқы және қайталама нарық. Құн, баға, шығын, құнды бағалау ұғымы. Бағалау қағидаттары. Жылжымалы мүлік құнын есептеу негіздері;

      объектілерді техникалық куәландыру және объектілерді сәйкестендіру, меншік құқықтарын және ауыртпалықтарды талдау, өтімділігін талдау;

      жылжымалы мүлік құнын шығындық амалмен есептеу техникасы. Ұдайы өндіру немесе ауыстырудың толық құны. Машиналарды, жабдықтар және көлік құралдарын ұдайы өндіру немесе ауыстырудың толық құнын бағалау амалдары, әдістерді қолдану саласы және оларды пайдалануды шектеу. Машиналардың, жабдықтар және көлік құралдарының құнсыздануы және тозуы. Тозу түрлері. Табиғи тозуды, соралдық және сыртқы тозуды бағалау амалдары. Тозуды бағалаудың статистикалық әдістері. Әдістердің кемшілігі, оларды пайдалануды шектеу;

      жылжымалы мүлік құнын табыстық амалмен есептеу техникасы. Машиналарды және жабдықтарды бағалауда табыстық амалды қолдану саласы және шектеу; оны қолдану ерекшеліктері және бизнесті (кәсіпорындарды) бағалаудан айырмашылығы;

      жылжымалы мүлік құнын салыстырмалы амалмен есептеу техникасы; Салыстырмалы амалды қолдану саласы және шектеу; әдістерді қолдану дәйектілігі; салыстыру бірліктері мен элементтерін таңдау; салыстыру элементтерін талдау және түзету: меншік құқығы, қаржыландыру талабы, сату талабы, нарық жай-күйі, техникалық және экономикалық мінездемелер, жабдықты пайдалану; түзетулерді орындау техникасы;

      жылжымалы мүлікті бағалауға үш тәсілді келісу;

      жылжымалы мүліктің әр түрі үшін бағалау үлгілері, нарық құнының қорытынды шамасын таңдау, есеп жасау;

      3) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын және мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау – 120 сағат:

      бағалау мақсаты және мәні, материалдық емес активтердің жіктемесі, бірдейлендірілетін және бірдейлендірілмейтін материалдық емес активтер;

      зияткерлік меншік ұғымы, материалдық емес активке абсолюттік құқық. Зияткерлік меншік, түрлердің жіктемесі: өнеркәсіптік меншік, авторлық құқық және сабақтас құқық және зияткерлік меншіктің әртүрлі объектілерінің құқықтық қорғаудың дәстүрлі емес объектілері, материалдық емес активтердің құны. Зияткерлік меншік ұғымы. Зияткерлік меншік объектілерінің шамасына ықпал ететін факторлар, материалдық емес активтердің құны;

      зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау үшін қажетті ақпараттарды дайындау. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықты растайтын құжаттарды талдау;

      есептерді жасауға негізгі талаптар;

      бағалау мақсатына байланысты құн түрін таңдау. Зяткерлікті меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалауға негізгі қағидаттар және амалдар;

      шығындық, табыстық, салыстырмалы амалдармен есептеу техникасы;

      әр түрлі түрлерді салыстырма талдау, кемшіліктерді және артықшылықтарды салыстыру, бағалау әдістерін таңдау негізі;

      патенттерді және лицензияларды сату үшін бағалау ерекшеліктері. Материалдық емес активтерді басқару;

      кәсіпорынның есепке алу саясаты, материалдық емес активтерді кәсіпорын балансында көрсету. Салық салу, мемлекеттік баж және жеңілдіктер;

      материалдық емес активтердің құнының қорытынды шамасын таңдау, есеп жасау;

      мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау қағидаттары. Мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалауға кірістік тәсілдеме, кірістерді капиталға айналдыру әдістері, мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалаумен байланысты тәуекелдерді жіктеу, мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалауға нарықтық тәсілдеме, акциялардың өтімділігі, капитал нарығының әдісі, мәмілелер әдісі, активтерді қорландыру әдісі, қаржылық активтерді талдау, қаржылық активтердің бағалау әдістері. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын бағалау, факторлардың өзара әсер етуі, ақша бірлігінің алты функциялары, ақша ағыны, дисконттау, кәсіпорынның нарықтық құны, бәсекеге қабілеттіліктің бағалау қағидаттары, нарық және оның сыйымдылығы, мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынның құны.

Об утверждении Программы профессиональной переподготовки специалистов в области оценочной деятельности

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 9 апреля 2010 года № 111. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 апреля 2010 года № 6170. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 518 (вводится в действие с 13.07.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 05.05.2018 № 518 (вводится в действие с 13.07.2018).
     

      В соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Программу профессиональной переподготовки специалистов в области оценочной деятельности.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр

Р. Тусупбеков


  Утверждена
приказом Министра юстиции
Республики Казахстан
от 9 апреля 2010 года № 111

Программа профессиональной переподготовки специалистов в
области оценочной деятельности
1. Общие положения

      1. Настоящая Программа профессиональной переподготовки специалистов в области оценочной деятельности (далее - Программа) разработана в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан".

      2. Программа состоит из модулей "Общие дисциплины" и "Блок специализаций".

      3. Модуль "Общие дисциплины" обязателен для переподготовки по всем видам специализаций.

      4. Модуль "Блок специализаций" содержит три дисциплины:

      1) оценка недвижимого имущества;

      2) оценка движимого имущества;

      3) оценка интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов и предприятия как имущественного комплекса.

2. Содержание программ профессиональной подготовки

      5. Общие дисциплины, обязательные для всех специализаций - 20 часов:

      1) правовое обеспечение оценочной деятельности;

      2) стандарты оценки и практика их применения;

      3) микро- и макроэкономические основы рыночного ценообразования;

      4) основы бухгалтерского учета и аудита;

      5) экономический анализ;

      6) налоги и налогообложение;

      7) математические методы в оценке.

      6. Дисциплины по выбранной специализации:

      1) оценка недвижимого имущества - 40 часов:

      понятие об оценке недвижимого имущества. Понятия стоимости, цены, затрат, оценки стоимости. Принципы оценки. Основы расчетов стоимости недвижимости;

      анализ объекта недвижимости и района его расположения. Сбор и обработка рыночной информации, выбор объектов-аналогов, элементов сравнения и единиц сравнения;

      общие требования к составлению отчетов по оценке недвижимого имущества;

      основы и методы оценки земельных участков;

      техника расчетов стоимости недвижимого имущества затратным подходом;

      техника расчетов стоимости недвижимого имущества сравнительным подходом;

      техника расчетов стоимости недвижимого имущества доходным подходом;

      согласование трех подходов к оценке недвижимого имущества;

      примеры оценки для разных типов недвижимого имущества. Особенности оценки плавающих судов и летательных аппаратов;

      выбор итоговой величины рыночной стоимости недвижимого имущества, составление отчета;

      2) оценка движимого имущества - 40 часов:

      классификация объектов движимого имущества. Особенности рынка машин, оборудования и транспортных средств, первичный и вторичный рынок. Понятия стоимости, цены, затрат, оценки стоимости. Принципы оценки. Основы расчетов стоимости движимого имущества;

      техническое освидетельствование и идентификация объектов, анализ прав собственности и обременений, анализ ликвидности;

      техника расчетов стоимости движимого имущества затратным подходом. Полная стоимость воспроизводства и замещения. Методы оценки полной стоимости воспроизводства и замещения машин, оборудования и транспортных средств, области применения методов и ограничения на их использование. Обесценение и износ машин, оборудования и транспортных средств. Виды износа. Методы оценки физического износа, морального и внешнего износа. Статистические методы оценки износа. Недостатки методов, ограничения на их использование;

      техника расчетов стоимости движимого имущества доходным подходом. Область применения и ограничения доходного подхода в оценке машин и оборудования; особенности его применения и отличия от оценки бизнеса (предприятий);

      техника расчетов стоимости движимого имущества сравнительным подходом. Область применения и ограничения сравнительного подхода; последовательность применения метода; выбор единиц и элементов сравнения; анализ и корректировка элементов сравнения: права собственности, условия финансирования, условия продажи, состояние рынка, технические и экономические характеристики, использование оборудования; техника выполнения корректировок;

      согласование трех подходов к оценке движимого имущества;

      примеры оценки для разных типов движимого имущества, выбор итоговой величины рыночной стоимости, составление отчета;

      3) оценка интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов и предприятия как имущественного комплекса - 120 часов:

      цели и предмет оценки, классификация нематериальных активов, идентифицируемые и неидентифицируемые нематериальные активы;

      понятие интеллектуальной собственности, абсолютные права на нематериальные активы. Интеллектуальная собственность, классификация видов: промышленная собственность, авторское право и смежные права и нетрадиционные объекты правовой охраны различных объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов. Понятия интеллектуальной собственности. Факторы, влияющие на величину объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов;

      подготовка информации, необходимой для оценки интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов. Анализ документов, подтверждающих права на объекты интеллектуальной собственности;

      основные требования к составлению отчетов;

      выбор вида стоимости в зависимости от целей оценки. Основные принципы и подходы к оценке интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов;

      техника расчетов затратным, доходным, сравнительным подходами;

      сравнительный анализ различных видов, сопоставление недостатков и преимуществ, обоснование выбора методов оценки;

      особенности оценки патентов и лицензий для продаж. Управление нематериальными активами;

      учетная политика предприятия, отражение нематериальных активов в балансах предприятия. Налогообложение, государственные пошлины и льготы;

      выбор итоговой величины стоимости нематериальных активов, составление отчета;

      принципы оценки предприятия как имущественного комплекса. Доходный подход к оценке предприятия как имущественного комплекса, методы капитализации доходов, классификация рисков, связанных с оценкой предприятия как имущественного комплекса, рыночный подход к оценке предприятия как имущественного комплекса, ликвидность акций, метод рынка капитала, метод сделок, метод накопления активов, анализ финансовых активов, методы оценки финансовых активов. Оценка внешней и внутренней среды предприятия, взаимовлияние факторов, шесть функций денежной единицы, денежный поток, Дисконтирование, рыночная стоимость предприятия, принципы оценки конкурентоспособности, рынок и его емкость, стоимость предприятия как имущественного комплекса.