Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 211 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 45 (1248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған»;
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша:
реттік нөмірі 19-жолдағы «Жалпы ұзақтығы, км» және «Учаскенің соңы, км» бағандарындағы «135» деген сандар «127» деген сандармен ауыстырылсын.
«Жиыны» деген жолдағы «15379» деген сандар «15371» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________ С. Баймағанбетов
2010 жылғы 1 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_____________ В. Бажко
2010 жылғы 2 сәуір