"Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6214 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 211 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 211 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 45 (1248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған»;
      Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша:
      реттік нөмірі 19-жолдағы «Жалпы ұзақтығы, км» және «Учаскенің соңы, км» бағандарындағы «135» деген сандар «127» деген сандармен ауыстырылсын.
      «Жиыны» деген жолдағы «15379» деген сандар «15371» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Ә. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ________ С. Баймағанбетов
      2010 жылғы 1 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
       _____________ В. Бажко
      2010 жылғы 2 сәуір

О внесении дополнения и изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 марта 2007 года № 59 "Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в дневное и вечернее время летнего периода"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 апреля 2010 года № 174. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 2010 года № 6214. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 27 апреля 2012 года № 211

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 27.04.2012 № 211.

      В соответствии со статьей 18 Закона Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах", в целях обеспечения сохранности автомобильных дорог ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 марта 2007 года № 59 "Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в дневное и вечернее время летнего периода" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4568, опубликованный в газете "Юридическая газета" 27 марта 2007 года № 45 (1248)) следующие изменения и дополнение:
      пункт 1 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) занятых на дорожно-строительных работах по существующему покрытию на участках, переданных подрядным организациям для проведения работ по реконструкции";
      приложение 1 к указанному приказу:
      в графах "Общая протяженность, км" и "Конец участка, км" строки, порядковый номер 19, цифры "135" заменить цифрами "127";
      в строке "итого" цифры "15379" заменить цифрами "15371".
      2. Комитету автомобильных дорог Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Сагинов З.С.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

      Министр                                    А. Кусаинов

      СОГЛАСОВАНО
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      _______________ С. Баймагамбетов
      1 апреля 2010 года

      СОГЛАСОВАНО
      Министр по черезвычайным ситуациям
      Республики Казахстан
      ________________ В. Божко
      2 апреля 2010 года