Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.06.29 № 245 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Бұйрығымен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 32-бабы 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағында «Аумақтық әділет органдарының» деген сөздерді «әділет департаметтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
барлық мәтін бойынша «әділет органы», «әділет органының», «әділет органына» деген сөздер «әділет департаменті», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне», деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта «аумақтық» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта «, оның мақсатын, міндеттерін, қағидаттары мен көлемін» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақта:
«күтіледі» деген сөз «қамтиды» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «тексеруден» деген сөз «тексеру» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тексеруді» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «зерделеу» деген сөз «зерделеуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тексеруді» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «талдау» деген сөз «талдауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «сақтау» деген сөз «сақтауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «зерделеу» деген «зерделеуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «орындау» деген сөз «орындауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта «нотариустың жекеше нотариаттық сектордағы жұмысының жалпы мерзімі» деген сөздерді «тиісті нотариаттық округіндегі қызметті жүзеге асырудың жалпы мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта «мүмкін» деген сөз алып тасталсын, «жүргізілуі» деген сөз «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақта «мүмкін» деген сөз алып тасталсын, «құрылуы» деген сөз «құрылады» деген сөзбен ауыстырылсын, «бес адамнан» деген сөз «үш адамнан» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Нотариус қызметiн алғашқы тексеруден:
нотариуспен нотариалдық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнамаларды сақтау тәртiбiн;
нотариустың үй-жайына заңнамада қойылатын талаптарды сақтауды (нотариус офисiнiң халық үшiн қол жетiмдi болуы, оның нотариус қызметiнiң аумағында орналасуы, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялығын қамтамасыз ету, маңдайшадағы жазу, жұмыс режимi, үй-жайға қойылатын санитарлық, өртке қарсы және басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз ету);
нотариустың мөрi мен бланкiлерiн сақтау, нотариустың тiзiлiмдердi, кiтаптарды жүргiзуi мен сақтауы жағдайларын;
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
мұрағат үй-жайының жай-күйiн және мұрағат құжаттарының;
нотариус қызметiнiң ақпараттық-нормативтiк жай-күйiн зерделеуді қамтиды.»;
20-тармақта «нотариаттық өтілі бар» деген сөздерден кейін «және соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақта «жақсы» деген сөз алып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінінің 28-тармақпен толықтырып келесі мазмұндағы сөзбен толықтырылсын: Анықтамада алынған жағдайды толық талдау, комиссияның бағасы мен қорытындысы, сонымен қатар міндетті түрде іске асыру мерзімі көрсетілген нақты ұсыныстар болу қажет.»;
33-тармақта алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариустың лицензиясын айыру, күшiн тоқтата тұру немесе жою туралы лицензиарға ұсынымдар жiберу туралы шешiмдер қабылданады.»;
тармақтың орыс тіліндегі мәтінінің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылып екінші абзацына түзетулер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
34-тармақ алып тасталсын;
2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков
"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық нотариаттық
палатасының төрайымы
__________ А.Б. Жанабилова
2010 жылғы 15 маусым