Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 10.02.2016 № 57 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 143-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 4, 2009 жыл) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
3-тармақта:
бірінші абзацта «басшылары» деген сөзден кейін «жоғары кәсіби білімінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші және үшінші абзацта «қызметкерлері» деген сөзден кейін «жоғары кәсіби білімінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
барлық мәтін бойынша «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын, «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын, «алты» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын, «төрт» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацта «, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацта «не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің,» және «оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
«заңнамаларын,» деген сөзден кейін «мемлекеттік бюджетті жоспарлау және оның атқарылуы саласындағы, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнаманы, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«талаптары қойылады» деген сөзден кейін «, сонымен қатар негізгі мамандығының бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарын өткендігі туралы куәлігінің болуы қажет» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев