Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесін және Еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6442 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.09.2017 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖИТС қоздырғышымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60 % мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.М. Рысбеков) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. "Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін және Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4536 тіркелген, 2007 жылғы 5 мамырдағы № 18 (331) "Ресми газет" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ж. Досқалиев


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 576 бұйрығына
1-қосымша

Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі

      1. Осы Ереже "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес әзірленген және біліктілік санаты үшін үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      біліктілік санаты (разряд) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.

      3. Медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ бөлімшелердің басшыларына (бөлімшелердің меңгерушілеріне, бас мейірбикелерге, аға мейірбикелерге) біліктілік санаты үшін үстеме ақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

      4. Ұйым қызметкерлеріне осы қосымша ақылар олардың басшылық және медициналық лауазымдардағы қызметі ғылыми дәрежесіне бейіні бойынша сәйкес келген жағдайда белгіленеді.

      5. Үстеме ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде айқындалады.

      6. Көрсетілген қосымша ақы тиісті біліктілік санаты бар дәрігердің лауазымдық ақысынан белгіленеді.

      7. Біліктілік санаты үшін үстеме ақы мөлшері Қаулының 19-қосымшасының 12-тармағына сәйкес базалық лауазымдық жалақыға пайыздық қатынаста айқындалады.

      8. Медициналық ұйымдардың басшыларына, олардың орынбасарларына дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санаты үшін үстеме ақы қоса атқаратын дәрігерлік мамандықтар бойынша жұмыстарды атқарған жағдайларда ғана төленеді.

      9. Көрсетілген үстеме ақы ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін қызметкерлерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген тиісті дипломы болған жағдайда белгіленеді және негізгі жұмысы бойынша төленеді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 576 бұйрығына
2-қосымша

ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖЙТС вирусымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Ұйымдардың тізбесі

Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

2

Облыстық (қалалық) ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

3

АИТВ/ ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын денсаулық сақтау саласының ғылыми-зерттеу ұйымдары

Директор, директордың емдеу ісі және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. Ғылыми қызметкерлер (бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер). Зертхана меңгерушісі, зертханашы-дәрігер, зертханашы, мейірбикенің көмекшісі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі
№ 576 бұйрығына
3-қосымша

Айрықша еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесі

Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

Айрықша жағдайлар

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (бұдан әрі -МСЭҚК)

Обаға қарсы күрес мемлекеттік мекемелері, станциялар, (оның ішінде бөлімшелер)

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және оны ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін

2

ҚР ДСМ МСЭҚК "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - РМҚК)

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және оны ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін

3

ҚР ДСМ МСЭҚК "Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы" ММ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының аса қауіпті жұқпалар зертханалары мен бөлімдері

Аса қауіпті жұқпалар зертханалары мен бөлімдерінің және виварийлердің қызметкерлері

Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және оны ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін

4

ҚР ДСМ МСЭҚК "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" РМҚК трансмиссиялы вирусты жұқпалар зертханалары

ҚР ДСМ Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" РМҚК трансмиссиялы вирусты жұқпалар зертханаларының қызметкерлері

Аса қауіпті жүқпалардың қоздырғыштарымен және олардың жұқтырылуы ықтимал материалдармен жұмыс істегені үшін

5

ҚР ДСМ "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері

Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлері

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін

6

ҚР ДСМ "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер

Алапес ауруын емдеуді ұйымдастырғаны үшін

7

ҚР ДСМ "Сот медицинасы орталығы" РМҚК және оның аумақтық бөлімшелері, патологиялық-анатомиялық бюро (бөлімшелері мен зертханалары)

Басшылар, басшылардың емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, бөлімшелерінің, зертханаларының меңгерушілері, сот-медициналық сараптама дәрігерлері, мейірбикелер, зертханашылар, фельдшерлер, медициналық тіркеушілер және санитарлар

Сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асырғаны үшін

8

Дәрігерлік амбулаториялар, қалалық, аудандық және ауылдық емханалар, аудандық, орталық аудандық ауруханалардың емханалары, фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер

Терапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері, учаскелік терапевт-дәрігерлер, учаскелік педиатор-дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, акушер-гинеколог дәрігерлер мен фельдшерлер, акушерлер, учаскелік мейірбикелер, сондай-ақ жасөспірімдер қызметінің терапевтері,

Аумақтық учаскелерде халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсеткені үшін

9

Туберкулезге қарсы емханалар, туберкулезге қарсы, неврологиялық, онкологиялық, психо-неврологиялық, наркологиялық диспансерлер (емханалық бөлімшелер) және тәуелділік ауруларының алдын алу және оларды емдеу жөніндегі орталықтар, сондай-ақ туберкулезге қарсы санаториялар

Психиатр дәрігерлер, фтизиатр дәрігерлер, онколог дәрігерлер, нарколог дәрігерлер және көрсетілген қызметтердің учаскелік мейірбикелері

10

"Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" РМҚК, "Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" РМҚК, басқа ауруханалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелер

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық медицина және фармацевтика қызметкерлері, қызметшілер, техникалық қызметкерлер мен басқа да жұмыскерлер

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдарда және ауруханалардың құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін

11

Шұғыл медициналық көмекті тікелей көрсету және құтқару жұмыстары үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтардың медицина қызметкерлері

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, санитариялық авиация станциясының көшпелі бригадаларының, республикалық, облыстық және өңірлік ауруханалардың жоспарлы және шұғыл консультациялық көмек бөлімшелерінің медицина қызметкерлері

Шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін


Об утверждении Правил доплаты за квалификационную категорию и Перечня организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за условия труда

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июля 2010 года № 576. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 августа 2010 года № 6442. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2017 года № 720 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 25.09.2017 № 720 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 6

      Во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила доплаты за квалификационную категорию согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) перечень должностей медицинских работников, служащих и технических работников центров по профилактике и борьбе со СПИД, работников научно-исследовательских организаций, научно-производственных объединений и их структурных подразделений, в том числе по производству бактериальных и вирусных препаратов, которым устанавливается доплата в размере 60 % от должностного оклада за выполнение научной тематики по проблеме СПИД и контактирующих с больными СПИД и ВИЧ-инфицированными, работающих с вирусом СПИД и потенциально зараженным ВИЧ-материалом (в том числе животным) согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) перечень организаций и должностей работников, по которым устанавливается доплата за особые условия труда согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Департаменту стратегического развития Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Рысбеков М.М.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 января 2007 года № 50 "Об утверждении Перечня организаций и должностей работников, которым устанавливается доплата за условия труда и Правил доплаты за квалификационную категорию" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4536, опубликованной в газете "Юридическая газета" от 16 февраля 2007 года № 25 (1228).

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Курмангалиеву А.Д.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Ж. Доскалиев


  Приложение 1
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 30 июля 2010 года № 576

Правила доплаты за квалификационную категорию

      1. Настоящие Правила доплаты за квалификационную категорию разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1400 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (далее - Постановление) и определяют порядок и условия доплаты за квалификационную категорию работникам организации здравоохранения.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      организация здравоохранения - юридическое лицо, осуществляющее деятельность в области здравоохранения;

      квалификационная категория (разряд) - уровень требований к квалификации работника, отражающий сложность выполняемых работ.

      3. Доплата за квалификационную категорию медицинским работникам, а также руководителям, руководителям подразделений (заведующим отделениями, главным медицинским сестрам, старшим медицинским сестрам) производится за фактически отработанное время.

      4. Данные доплаты работникам организаций здравоохранения устанавливаются в случае, если их деятельность на руководящих и медицинских должностях по профилю совпадает с имеющейся степенью.

      5. Доплата устанавливается на основе результатов аттестации работников.

      6. Указанная доплата устанавливается от должностного оклада врача, имеющего соответствующую квалификационную категорию.

      7. Размер доплаты за квалификационную категорию определяется в процентном соотношении от базового должностного оклада согласно пункту 12 приложения 19 к Постановлению.

      8. Руководителям медицинских организаций, их заместителям доплата за квалификационную категорию по врачебным специальностям производится только в случаях выполнения работы по совмещаемой врачебной специальности.

      9. Указанная доплата устанавливается работникам, ведущим научно-методическую работу, при наличии соответствующего диплома, выданного уполномоченным органом Республики Казахстан в области аттестации научных кадров высшей квалификации и производится по основной работе.

  Приложение 2
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 30 июля 2010 года № 576

Перечень должностей медицинских работников,
служащих и технических работников центров по профилактике и
борьбе со СПИД, работников научно-исследовательских
организаций, научно-производственных объединений и их
структурных подразделений, в том числе по производству
бактериальных и вирусных препаратов, которым устанавливается
доплата в размере 60 % от должностного оклада за выполнение
научной тематики по проблеме СПИД и контактирующих с больными
СПИД и ВИЧ-инфицированными, работающих с вирусом СПИД и
потенциально зараженным ВИЧ-материалом (в том числе животным)

Перечень организаций

Перечень должностей работников

1

Государственное учреждение (далее -

ГУ) "Республиканский центр по

профилактике и борьбе со СПИД"

Министерства здравоохранения

Республики Казахстан

Все работники, независимо от наименования

должности и специальности

2

Областные (городские) центры по

профилактике и борьбе со СПИД

Все работники, независимо от наименования

должности и специальности

3

Научно-исследовательские организации

здравоохранения, занятые

научно-исследовательской работой по

проблеме ВИЧ/СПИД

Директор, заместитель директора: по

лечебной и научной работе. Научные

сотрудники (главный научный сотрудник,

ведущий научный сотрудник, старший научный

сотрудник, научный сотрудник, младший

научный сотрудник). Заведующий лабораторией

врач-лаборант, лаборант, помощник

медицинской сестры

  Приложение 3
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 30 июля 2010 года № 576

Перечень организаций и должностей работников,
которым устанавливается доплата за особые условия труда

Перечень организаций

(подразделений)

Перечень должностей

работников

Особые условия

1

Государственные противочумные

учреждения, станции, (в том

числе отделения) Комитета

государственного санитарно-

эпидемиологического надзора

(далее - КГСЭН) Министерства

здравоохранения Республики

Казахстан (далее - МЗ РК)

Все работники, независимо

от наименования должности

и специальности

За работу с

возбудителями особо

опасных инфекций и

материалами возможно

зараженными ими

2

Республиканское

государственное казенное

предприятие (далее -РГКП)

"Казахский научный Центр

карантинных и зоонозных

инфекций имени М. Айкимбаева"

КГСЭН МЗ РК

Все работники, независимо

от наименования должности

и специальности

За работу с

возбудителями особо

опасных инфекций

и материалами возможно

зараженными ими

3

Лаборатории и отделы особо

опасных инфекций РГКП

"Научно-практический центр

санитарно-эпидемиологической

экспертизы и мониторинга",

Центров санитарно-

эпидемиологической экспертизы

областей, городов Астаны,

Алматы КГСЭН МЗ РК

Работники лабораторий,

отделов особо опасных

инфекций и вивариев

За работу с

возбудителями особо

опасных инфекций

и материалами возможно

зараженными ими

4

Лаборатории трансмиссивных

вирусных инфекций и

паразитологии РГКП "Научный

центр гигиены и эпидемиологии"

КГСЭН МЗ РК

Работники лабораторий

трансмиссивных вирусных

инфекций и паразитологии

РГКП "Научный центр гигиены и эпидемиологии"

МЗ РК

За работу с

возбудителями особо

опасных инфекций и

материалами возможно

зараженными ими

5

ГУ "Центр Медицины катастроф"

и его территориальные

подразделения

Работники

специализированных

бригад по оказанию

медицинской помощи при

чрезвычайных ситуациях

За оказание экстренной

медицинской помощи по

ликвидации последствий

чрезвычайных ситуаций

природного и

техногенного характера

6

ГУ "Казахский республиканский

лепрозорий" МЗ РК

Все работники независимо

от наименования должности

и специальности

За организацию и

лечение лепры

заболеваний

7

РГКП "Центр судебной медицины"

Министерства здравоохранения

Республики Казахстан и его

территориальные подразделения,

патологоанатомические бюро

(отделения и лаборатории)

Руководители, заместители

руководителей по лечебной

работе, заведующие

отделами, лабораториями,

врачи судебно-медицинской

экспертизы, медицинские

сестры, лаборанты,

фельдшера, медицинские

регистраторы и санитары

За осуществление

судебно-медицинской

экспертной деятельности

8

Медицинские пункты,

фельдшерско-акушерские пункты,

врачебные амбулатории,

городские, районные, сельские

поликлиники, поликлиники

районных, центральных районных

больниц

Заведующие

терапевтическими,

педиатрическими

отделениями, участковые

медицинские сестры,

участковые врачи-

терапевты, участковые

врачи-педиатры, врачи

общей практики, врач

акушер-гинеколог и

фельдшеры, акушерки, а

также врачи терапевты

подростковых служб

За оказание первичной

медико-санитарной

помощи населению в

условиях территориального

участка

9

Противотуберкулезные больницы

и диспансеры (поликлинические

подразделения)

противотуберкулезные,

неврологические,

онкологические,

психоневрологические,

наркологические и центры по

профилактике и лечению

зависимых заболеваний, а так же

противотуберкулезные санатории

Врачи психиатры, врачи

фтизиатры, врачи

онкологи, врачи наркологи

и медицинские сестры

указанных служб

10

РГКП "Республиканский

клинический госпиталь для

инвалидов Отечественной войны",

Республиканское государственное

казенное предприятие

"Центральный клинический

госпиталь для инвалидов

Отечественной войны", отделения

и подразделения в составе

других больниц

Все медицинские и

фармацевтические

работники независимо от

наименования должностей и

специальностей, служащие,

технические работник и

другие работники

За оказание медицинской

помощи в госпиталях для

инвалидов Великой

Отечественной войны и

лиц, приравненных к

ним, и специальных

отделениях в составе

больниц

11

Медицинским работникам

медицинских отрядов

специального назначения,

организованных для

непосредственного оказания

экстренной медицинской помощи и

спасательных работ

Медицинские работники

выездных бригад, службы

санитарной авиации,

отделении плановой и

экстренной

консультативной помощи

республиканских,

областных и региональных

больниц независимо от

наименования должностей

и специальностей

За оказание экстренной

медицинской помощи