"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі - ЖИТС) және адамның иммунтапшылығы вирусын (бұдан әрі - АИТВ) жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу, материалдарға зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және ЖИТС / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. "Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін және Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6442 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210); 2010 жылғы 11 қыркүйектегі № 368-369 (26212) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т.Төкежановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________Е. Сағадиев
12 қазан 2017г.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
________________Т. Дүйсенова
5 қазан 2017г.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_______________Қ. Қасымов
19 қазан 2017г.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына 1-қосымша |
ЖИТС және АИТВ жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу, материалдарға зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және ЖИТС / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медициналық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі
№ | Ұйымдардың тізбесі | Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі | Айрықша жағдайлар |
1 | Облыстық (қалалық) ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | ЖИТС және АИТВ жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу |
2 | Денсаулық сақтау саласының ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелері | АИТВ / ЖИТС-тің проблемасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданатын, лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | ЖИТС пен ауыратын және АИТВ жұқтырғандардан келіп түсетін материалдарды зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, ғылыми-зерттеу бірлестіктерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және ЖИТС / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін |
Ескертпелер:
АИТВ - адамның иммунтапшылығы вирусы.
ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына 2-қосымша |
Айрықша еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2022 № ҚР ДСМ-127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесі | Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі | Айрықша жағдайлар |
1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арналған госпитальдар және басқа ауруханалардың құрамындағы арнайы бөлімдер мен бөлімшелер | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арналған госпитальдарда және ауруханалар құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін |
2 | Күйікке шалдыққан науқастарды емдеу бөлімшелері (палаталар) | Орта медициналық персонал | Медициналық көмек көрсеткені үшін |
3 | Балаларды оңалту орталықтары (бөлімшелер) | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | Психикалық ауытқуы жоқ дене бітімінің дамуында кемістіктері бар, статодинамикалық, сенсорлық функциялары және шығару функциялары бұзылған науқас балаларға диагностика жүргізгені, емдегені және оңалту жүргізгені үшін |
4 | Сәбилер үйлері, балалар үйлері және жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттары | Дәрігерлер, орта медициналық персонал, педагогикалық персонал, санитарлар, күтушілер | Сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп - интернаттарда жұмыс істегені үшін |
5 | Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету ұйымдары, уақытша болу және тұру ұйымдары | Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдардың барлық медициналық қызметкерлері |
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын және оңалтуды жүргізгені үшін: |
6 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері | Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлері | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін |
7 | Қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциарлық) мекемелері (оның ішінде балалар үйлері), тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, ауруханалар | Лауазым мен мамандығының атауына қарамастан барлық медицина және фармацевтика қызметкерлері | Сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда және қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, ауруханалардың фармацевтика қызметкерлеріне емдегені үшін |
8 | Шұғыл медициналық көмек және құтқару жұмыстарын тікелей көрсету үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтар |
Лауазымдары мен мамандықтарының атауларына қарамастан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің | Шұғыл медициналық көмек көрсеткені және құтқару жұмыстары үшін күту және тұрақты дайындық режиміндегі кезекшілік үшін |
9 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" мемлекеттік мекемесі | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | Есі дұрыс емес жағдайда қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу бойынша мамандандырылған психиатриялық ауруханада жұмыс істегені үшін |
10 | Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, облыстық, қалалық, аудандық емханалар, аудандық және орталық аудандық ауруханалар жанындағы емханалар |
Терапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері, | Аумақтық учаскенің жағдайында халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсеткені үшін |