"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 6 мамырдағы № 214 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 24 тамыздағы № 425 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6450 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 72 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Қолданыстағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешегі бар болғанда алып тастау толық берешек өтелгеннен (есептен шығарылғаннан), немесе осы берешектің құқықтық мирасқоры анықтаған республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасына көшірілгеннен кейін жүргізіледі.».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Калиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         Б. Жәмішев

О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2010 года № 214 "Об утверждении Правил составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 августа 2010 года № 425. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 сентября 2010 года № 6450. Утратил силу приказом Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 13 марта 2013 года № 72

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экономики и бюджетного планирования РК от 13.03.2013 № 72 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 26 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2010 года № 214 "Об утверждении Правил составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6265) следующее дополнение:
      Правила составления Единой бюджетной классификации Республики Казахстан, утвержденные указанным приказом:
      дополнить пунктом 43-1 следующего содержания:
      "43-1. Исключение действующих бюджетных программ (подпрограмм) с наличием дебиторской и (или) кредиторской задолженности осуществляется после полного погашения (списания) задолженности, либо ее переноса на бюджетную программу администратора бюджетных программ, определенного правопреемником данной задолженности.".
      2. Департаменту методологии бюджетного процесса (Калиева А.Н.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      Министр                                    Б. Жамишев