"Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 446 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6510 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1230) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Аудиторға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» білігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғалар жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.
      3-2. Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломы бар тұлғалар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Б. Жәмішев


О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 455 "Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемых к профессиональным бухгалтерам"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 446. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2010 года № 6510

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 455 "Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемых к профессиональным бухгалтерам" (зарегистрированный в Реестре государственный регистрации нормативных правовых актов за № 5050, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 11 января 2008 года № 4 (1404)) следующие дополнения:
      Квалификационные требования, предъявляемые к профессиональным бухгалтерам, утвержденные указанным приказом:
      дополнить пунктами 3-1 и 3-2 следующего содержания:
      "3-1. Лица, имеющие квалификационное свидетельство о присвоении квалификации "аудитор", выданное Квалификационной комиссией по аттестации кандидатов в аудиторы, освобождаются от сдачи вышеуказанных экзаменов.
      3-2. Лица, имеющие Диплом Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) освобождаются от сдачи экзамена по дисциплине бухгалтерский учет в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности.".
      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудиторской деятельности Министерства финансов Республики Казахстан (Тулеуов А.О.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в установленном законодательством порядке.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного дня со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев