Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 455 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5050 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.07.2024 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.07.2024 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 455 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.07.2024 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 08.09.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары білімі бар.

      3. Жұмыс өтілі бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық жұмыс саласында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы үш жыл.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 08.09.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады