Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы

Астана қаласы әкімінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 33-15 Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 657 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 33-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2011.11.23 № 33-20 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді) шешімімен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабын, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.
      2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) медициналық комиссияларды персоналмен қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құралдармен, жабдықпен қамтамасыз етсiн;
      3) тексеру актісін жасаумен комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
      4) Астана қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несеп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуысын емдеуді ұйымдастырсын;
      5) медициналық комиссиялардың жұмысын "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырсын.
      3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
      1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
      2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары) қызметкер бөлумен шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін 30 жұмыссыз азаматты Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
      6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      7. "Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы" Астана қаласы әкімінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 33-18 (Астана қаласының Әділет департаментімен 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 607 болып тіркелген; 2010 жылғы 7 қаңтарда "Астана ақшамы" газетінің № 1 нөмірінде және 2010 жылғы 7 қаңтарда "Вечерняя Астана" газетінің № 1-2 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      8. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы шешімді Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
      10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      Әкімнің орынбасары                         В.Л. Крылов

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің меңгерушісі                      Ж.Б. Ертаев

      "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы, азаматтық қорғаныс,
      апаттардың және дүлей апаттардың
      алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
      жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.Ө. Ермеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Астана қаласының Ішкі істер
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Ғ. Демеуов
      2010 жылғы 8 қараша

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Ә. Мұхамеджанов
      2010 жылғы 8 қараша

О проведении приписки граждан к призывным участкам районов "Алматы", "Сарыарка" и "Есиль" города Астаны в январе-марте 2011 года

Решение акимата города Астаны от 10 ноября 2010 года № 33-15. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 10 декабря 2010 года № 657. Утратило силу решением акимата города Астаны от 23 ноября 2011 года № 33-20

      Сноска. Утратило силу решением акимата города Астаны от 23.11.2011 № 33-20 (вводится в действие по истечении десяти дней со дня первого официального опубликования).

      Во исполнение статьи 17 Закона Республики Казахстан «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года (далее – Закон), постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», в целях принятия граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, и граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку на воинский учет, определения их количества, годности к воинской службе и состояния здоровья, установления общеобразовательного уровня и специальности, уровня физической подготовленности, предварительного предназначения призывников, отбора кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступления в военные учебные заведения аким города Астаны РЕШИЛ:
      1. Провести в январе-марте 2011 года приписку граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывным участкам районов «Алматы», «Сарыарка» и «Есиль» города Астаны, а также граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку, для чего в соответствии со статьей 17 Закона акимам районов «Алматы», «Сарыарка» и «Есиль» создать и обеспечить работу комиссий по приписке.
      2. Государственному учреждению «Управление здравоохранения города Астаны»:
      1) обеспечить персоналом медицинские комиссии;
      2) обеспечить медицинские комиссии соответствующим имуществом, инструментами, оборудованием и инвентарем;
      3) организовать обследование и лечение граждан, подлежащих приписке, в лечебных учреждениях в сроки, установленные комиссией, с составлением акта обследования;
      4) организовать в лечебно-профилактических учреждениях города Астана проведение флюорографии, сдачу анализов крови, мочи, снятие электрокардиограмм, а также санирование полости рта граждан, нуждающихся в лечении зубов;
      5) работу медицинских комиссий организовать согласно графикам, утвержденным акимами районов «Алматы», «Сарыарка» и «Есиль».
      3. Государственному учреждению «Управление образования города Астаны» обеспечить:
      1) явку на призывной пункт граждан, подлежащих приписке, освободить их от учебы на время, необходимое для выполнения обязанностей, связанных с постановкой допризывников на воинский учет;
      2) оповещение граждан, подлежащих приписке, о вызове их в районные Управления по делам обороны и своевременное прибытие по этому вызову.
      4. Государственному учреждению «Департамент внутренних дел города Астаны Министерства внутренних дел Республики Казахстан»:
      1) проводить розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      2) в период работы комиссий по приписке граждан к призывному участку обеспечить охрану общественного порядка на призывном пункте с выделением сотрудника на весь период приписки (январь-март 2011 года).
      5. Государственному учреждению «Управление занятости и социальных программ города Астаны» организовать оплачиваемые общественные работы в соответствии с Законом Республики Казахстан «О занятости населения» путем направления безработных граждан в количестве 30 человек в Департамент по делам обороны города Астана для оповещения граждан, подлежащих приписке, выполнения технических работ в период с 1 января по 31 марта 2011 года.
      6. Государственному учреждению «Управление по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий города Астаны» произвести финансирование мероприятий, связанных с обеспечением выполнения воинской обязанности, в пределах средств, выделенных для этих целей.
      7. Признать утратившим силу решение акима города Астаны от 1 декабря 2009 года № 33-18 «О проведении приписки граждан к призывным участкам районов «Алматы», «Сарыарка» и «Есиль» города Астаны в январе-марте 2010 года» (зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 29 декабря 2009 года за № 607; опубликовано в газетах «Астана ақшамы» от 7 января 2010 года, № 1 и «Вечерняя Астана» от 7 января 2010 года, № 1-2).
      8. Государственному учреждению «Департамент по делам обороны города Астана» представить данное решение в Департамент юстиции города Астаны для государственной регистрации.
      9. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Астаны Крылова В.Л.
      10. Данное решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти дней со дня первого официального опубликования.

      Аким                                       И. Тасмагамбетов

      Заместитель акима                          Крылов В.Л.

      Заведующий государственно-
      правовым отделом                           Ертаев Ж.Б.

      Начальник Государственного
      учреждения «Управление по
      мобилизационной подготовке,
      гражданской обороне, организации
      предупреждения и ликвидации
      аварий и стихийных бедствий
      города Астаны»                             Ермеков Т.У.

      СОГЛАСОВАНО
      Начальник Государственного
      учреждения «Департамент
      внутренних дел города Астаны
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан»
      8 ноября 2010 года                         Демеуов М.Г.

      Начальник Государственного
      учреждения «Департамент по
      делам обороны города Астана»
      8 ноября 2010 года                         Мухамеджанов Б.А.