Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2011.11.23 № 33-20 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді) шешімімен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабын, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.
2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) медициналық комиссияларды персоналмен қамтамасыз етсін;
2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құралдармен, жабдықпен қамтамасыз етсiн;
3) тексеру актісін жасаумен комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
4) Астана қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несеп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуысын емдеуді ұйымдастырсын;
5) медициналық комиссиялардың жұмысын "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырсын.
3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары) қызметкер бөлумен шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін 30 жұмыссыз азаматты Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
7. "Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы" Астана қаласы әкімінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 33-18 (Астана қаласының Әділет департаментімен 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 607 болып тіркелген; 2010 жылғы 7 қаңтарда "Астана ақшамы" газетінің № 1 нөмірінде және 2010 жылғы 7 қаңтарда "Вечерняя Астана" газетінің № 1-2 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
8. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы шешімді Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары В.Л. Крылов
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі Ж.Б. Ертаев
"Астана қаласының Жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс,
апаттардың және дүлей апаттардың
алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т.Ө. Ермеков
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Ғ. Демеуов
2010 жылғы 8 қараша
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ә. Мұхамеджанов
2010 жылғы 8 қараша