Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2011.03.25 N 33/206қ Қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
2. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін.
2-қосымшаға сәйкес қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін.
3. 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
4. 4-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Есіл ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
5. 5-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
6. 6-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.
7. «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
8. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2010 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.
9. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған өтінімдерге сәйкес көлікпен қамтамасыз етсін.
10. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі 2010 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қалалық жиналу пункті қамтамасыз етсін.
11. «Астана станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі» мемлекеттік мекемесі темір жол станцияларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына шаралар қабылдасын.
12. «Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қалалық жиналу пунктінде әскерге шақырушылар арасында жаппай спорттық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырсын.
13. «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
14. «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
осы қаулының орындалуы туралы Астана қаласының әкімдігіне 2010 жылғы 15 шілдеге дейін және 2011 жылғы 15 қаңтарға дейін ақпарат берсін.
15. «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 33-408қ (Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 мамырда № 577 болып тіркелген; 2009 жылғы 21 мамырдағы «Астана ақшамы» газетінің № 54 нөмірінде және 2009 жылғы 23 мамырдағы «Вечерняя Астана» газетінің № 61 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
17. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары В.Л.Крылов
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Ертаев
«Астана қаласының Жұмылдыру
дайындығы, азаматтық
қорғаныс, апаттардың және
дүлей апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2010 жылғы 19 сәуір В.Ә Жантеміров
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Ішкі
істер департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2010 жылғы 16 сәуір М.Ғ.Демеуов
«Көліктегі орталық ішкі
істер департаментінің Астана
станциясындағы желелік ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2010 жылғы 16 сәуір М.Қ.Жұмабаев
«Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2010 жылғы 16 сәуір Б.А.Мұхамеджанов
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 33-339қ қаулысына
1-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы
Мұхамеджанов – «Астана қаласының Қорғаныс істері
Бақыт Әлімұлы жөніндегі департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, қалалық шақыру
комиссиясының төрағасы;
Ермеков – «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
Тұрсынбек Өмірәліұлы азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей
апаттардың алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы, қалалық
шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Мұхитов – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қайрат Болатұлы министрлігі Астана қаласының Ішкі істер
департаменті» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары;
Семенова – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі
Валентина Григорьевна департаменті бастығының көмекшісі –
дәрігер, медициналық дәрігерлік
комиссияның төрайымы;
Петренкова – № 3 қалалық емханасының медбикесі,
Галина Степановна комиссия хатшысы.
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 33-339қ қаулысына
2-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)
құрамы
Шабалин – «Астана қаласының Қорғаныс істері
Евгений Витальевич жөніндегі департаменті» мемлекеттік
мекемесі әскери қызметшілерді келісім-шарт
және шақыру бойынша іріктеу басқармасының
бастығы, қалалық шақыру комиссиясының
төрағасы;
Кучубаев – «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
Кеңесбек Нұрғазыұлы азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей
апаттардың алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесі аумақтық қорғаныс
бөлімінің бастығы, қалалық шақыру
комиссиясы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Бейсеев – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Бақытжан Халилұлы министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер
департаменті» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары;
Тян – № 3 емхананың терапевт–дәрігері,
Раиса Петровна медициналық комиссияның төрайымы;
Әбілғазинова – № 3 қалалық емханасының медбикесі,
Зәуреш Ғазизқызы комиссия хатшысы.
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 33-339қ қаулысына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.10 № 33-1057қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Алматы ауданы шақыру комиссиясының
құрамы
Қасымов – Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс
Руслан Саттарұлы істері жөніндегі біріктірілген басқармасы
бастығының міндетін уақытша атқарушы
төраға болып;
Балтабекова – Астана қаласының Алматы ауданы әкімінің
Лейла Сәкенқызы аппараты әлеуметтік сала және кәсіпкерлік
бөлімінің бас маманы, аудандық шақыру
комиссиясы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Әбутәліпов – Астана қаласы Алматы ауданы ішкі істер
Серік Махреддинұлы басқармасы бастығының орынбасары;
Козлов – № 3 қалалық емханасының хирург-дәрігері,
Юрий Семенович медициналық комиссияның төрағасы;
Петренко – № 3 қалалық емханасының медбикесі,
Галина Степановна комиссия хатшысы.
Астана қаласы Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 33-339қ қаулысына
4-қосымша
Есіл ауданы шақыру комиссиясының
құрамы
Байдәулетов – «Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс
Асылбек Бекбосынұлы істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, аудандық шақыру
комиссиясының төрағасы;
Симанбаев – Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық
Ерлан Тасбайұлы шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Егізбаев – «Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі істер
Ерік Әбдықайымұлы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары;
Козлов – № 3 қалалық емханасының хирург-дәрігері,
Юрий Семенович медициналық комиссияның төрағасы;
Петренкова – № 3 қалалық емханасының медбикесі,
Галина Степановна комиссия хатшысы.
Астана қаласының Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 33-339қ қаулысына
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.10 № 33-1057қ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының
құрамы
Қасымов – «Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс
Марат Жаманбайұлы істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, аудандық шақыру
комиссиясының төрағасы;
Ахметов – Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімі
Төлеген Онашабайұлы аппаратының басшысы төраға орынбасары
болып.
Комиссия мүшелері:
Бекмағамбетов – Астана қаласы Сарыарқа ауданының
Ермахан Алдашұлы ішкі істер басқармасы бастығының
орынбасары;
Тян – № 3 қалалық емханасының терапевт-
Раиса Петровна дәрігері, медициналық комиссияның
төрағасы;
Асамбаева – № 3 қалалық емханасының медбикесі,
Жұпаргүл Жұмажанқызы комиссия хатшысы.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 9.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 33-339қ қаулысына
6-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс
кестесі
Р/с |
Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар |
Комиссияның жұмыс күндері, |
|||||
сәуір |
мамыр |
маусым |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
||
1. |
Алматы ауданы |
1, 5, 7, 9, 13, 15, 19, 21, 23, 27, 29 |
3, 5, 11, 13, 17, 19, 21, 25, 27, 31 |
2, 9, 16, 23 |
1, 5, 7, 11, 13, 15, 19, 21, 25, 27, 29 |
1, 3, 5, 9, 11, 15, 17, 19, 23, 25, 29 |
1, 8, 17, 24 |
2. |
Есіл ауданы |
1, 5, 7, 9, 13, 15, 19, 21, 23, 27, 29 |
3, 5, 11, 13, 17, 19, 21, 25, 27, 31 |
2, 9, 16, 23 |
1, 5, 7, 11, 13, 15, 19, 21, 25, 27, 29 |
1, 3, 5, 9, 11, 15, 17, 19, 23, 25, 29 |
1, 8, 17, 24 |
3. |
Сарыарқа ауданы |
2, 6, 8, 12, 14, 16, 20, 22, 26, 28, 30 |
4, 10, 12, 14, 18, 20, 24, 26, 28 |
4, 11, 18, 25 |
4, 6, 8, 12, 14, 18, 20, 22, 26, 28 |
2, 4, 8, 10, 12, 16, 18, 22, 24, 26, 30 |
3, 10, 22, 29 |