2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 33-408қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 577 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.04.21 № 33-339қ Қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 16-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 20 44-баптарына , Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, баска да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
      2. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін.
       2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін.
      3. 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
      4. 4-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Есіл ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
      5. 5-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
      6. 6-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.
      7. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.
      8. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2009 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.
      9. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған өтінімдерге сәйкес көлікпен қамтамасыз етсін.
      10. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2009 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 казан мен 31 желтоқсан кезеңінде шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      11. "Астана станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) темір жол станцияларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына шаралар қабылдасын.
      12. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      13. Астана қаласы әкімдігінің "2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" 2008 жылғы 23 маусымдағы N 33-716қ , Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 шілдеде N 538 болып тіркелген; 2008 жылғы 19 шілдеде "Астана хабары" газетінің N 85 нөмірінде және 2008 жылғы 22 шілдеде "Вечерняя Астана" газетінің N 89 нөмірінде жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      14. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      15. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
      16. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Әкім                                   И. Тасмағамбетов

      Әкімнің орынбасары                        Е.Т. Қожағапанов

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімнің меңгерушісі                           Ж.Б. Ертаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Астана қаласының Ішкі
      істер департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      2009 жылғы 23 сәуір                            М.Ғ. Демеуов

      "Көліктегі орталық ішкі
      істер департаментінің Астана
      станциясындағы желілік ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      2009 жылғы 22 сәуір                         Т.Ж. Өтетілеуов

       "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы, азаматтық қорғаныс,
      апаттардың және дүлей апаттардың
      алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
      жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      2009 жылғы 21 сәуір                            Т.Ө. Ермеков

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      2009 жылғы 20 сәуір                           Қ.Т. Мыңжанов

Астана қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 33-408қ қаулысына  
1-қосымша      

Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

Мыңжанов Қайрат                  - "Астана қаласының Қорғаныс істері
Тұрсынайұлы                        жөніндегі департаменті"
                                   мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                                   қалалық шақыру комиссиясының
                                   төрағасы;

Ермеков Тұрсынбек                - "Астана қаласының Жұмылдыру
Өмірәліұлы                         дайындығы, азаматтық қорғаныс,
                                   апаттардың және дүлей апаттардың
                                   алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
                                   жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
                                   мекемесінің бастығы, қалалық
                                   шақыру комиссиясы төрағасының
                                   орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Мұхитов Қайрат                   - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Болатұлы                           министрлігі Астана қаласының Ішкі
                                   істер департаменті" мемлекеттік
                                   мекемесі бастығының орынбасары;

Семенова Валентина               - Астана қаласының Қорғаныс істері
Григорьевна                        жөніндегі департаменті бастығының
                                   көмекшісі - дәрігер, медициналық
                                   дәрігерлік комиссияның төрайымы;

Әбділмәжитова Гүлнәр             - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Мұсабайқызы                        комиссия хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 33-408қ қаулысына  
2-қосымша      

Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)
құрамы

Шабалин Евгений                  - "Астана қаласының Қорғаныс істері
Витальевич                         жөніндегі департаменті"
                                   мемлекеттік мекемесі әскери
                                   қызметшілерді келісім-шарт және
                                   шақыру бойынша іріктеу
                                   басқармасының бастығы, қалалық
                                   шақыру комиссиясының төрағасы;

Маханов Елубай                   - "Астана қаласының Жұмылдыру
Маханұлы                           дайындығы, азаматтық қорғаныс,
                                   апаттардың және дүлей апаттардың
                                   алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
                                   жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
                                   мекемесі жұмылдыру дайындығы
                                   бөлімінің бас маманы, қалалық
                                   шақыру комиссиясы төрағасының
                                   орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Бейсеев Бақытжан                 - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Халилұлы                           министрлігінің Астана қаласының
                                   Ішкі істер департаменті"
                                   мемлекеттік мекемесі бастығының
                                   орынбасары;

Тян Раиса                        - N 3 емхананың терапевт-дәрігері,
Петровна                           медициналық комиссияның төрайымы;

Әбілғазинова Зәуреш              - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Ғазизқызы                          комиссия хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 33-408қ қаулысына  
3-қосымша      

Алматы ауданы шақыру комиссиясының
құрамы

Байдәулетов Асылбек             - "Астана қаласы Алматы ауданының
Бекбосынұлы                       Қорғаныс істері жөніндегі
                                  басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
                                  бастығы, аудандық шақыру
                                  комиссиясының төрағасы;

Ержанова Дәмиля                 - Алматы ауданы әкімі аппаратының бас
Ержанқызы                         маманы, аудандық шақыру комиссиясы
                                  төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Қуандық Өміржан                 - "Астана қаласы Алматы ауданы Ішкі
Қанатұлы                          істер басқармасы" мемлекеттік
                                  мекемесі бастығының орынбасары;

Козлов Юрий                     - N 3 қалалық емханасының
Семенович                         хирург-дәрігері, медициналық
                                  комиссияның төрағасы;

Водилова Зинаида                - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Степановна                        комиссия хатшысы.

      Астана қаласының Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 9.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 33-408қ қаулысына  
4-қосымша      

Есіл ауданы шақыру комиссиясының
құрамы

Байдәулетов Асылбек             - "Астана қаласы Алматы ауданының
Бекбосынұлы                       Қорғаныс істері жөніндегі
                                  басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
                                  бастығы, аудандық шақыру
                                  комиссиясының төрағасы;

Симанбаев Ерлан                 - Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі,
Тасбайұлы                         аудандық шақыру комиссиясы
                                  төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Егізбаев Ерік                   - "Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі
Әбдықайымұлы                      істер басқармасы" мемлекеттік
                                  мекемесі бастығының орынбасары;

Козлов Юрий                     - N 3 қалалық емханасының
Семенович                         хирург-дәрігері, медициналық
                                  комиссияның төрағасы;

Водилова Зинаида                - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Степановна                        комиссия хатшысы.

      Астана қаласының Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 9.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 33-408қ қаулысына  
5-қосымша      

Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының
құрамы

Қасымов Марат                   - "Астана қаласы Сарыарқа ауданының
Жаманбайұлы                       Қорғаныс істері жөніндегі
                                  басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
                                  бастығы, аудандық шақыру
                                  комиссиясының төрағасы;

Алпысбеков Бернат               - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі
Қанатұлы                          аппаратының басшысы, аудандық
                                  шақыру комиссиясы төрағасының
                                  орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Зикенов Игорь                   - "Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ішкі
Ерсайынұлы                        істер басқармасы" мемлекеттік
                                  мекемесі бастығының орынбасары;

Тян Раиса                       - N 3 қалалық емханасының
Петровна                          терапевт-дәрігері, медициналық
                                  комиссияның төрағасы;

Асамбаева Жұпаргүл              - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Жұмажанқызы                       комиссия хатшысы.

      Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 33-408қ қаулысына  
6-қосымша      

Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс
кестесі

Р/с N

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты - 09.00-ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

Алматы ауданы

1,3,7,9,
13,15,17,
21,23,27,
29

4,11,13,
15,19,21,
25,27,29

5,19

1,5,7,9,
13,15,19,
21,23,28,
30

2,6,11,16,
20,25,30

4,11,18,25

2.

Есіл ауданы

1,3,7,9,
13,15,17,
21,23,27,
29

4,11,13,
15,19,21,
25,27,29

5,19

1,5,7,9,
13,15,19,
21,23,28,
30

2,6,11,16,
20, 25,30

4,11,18,25

3.

Сарыарқа ауданы

2,6,8,10,
14,16,20,
22,24,28,
30

5,12,14,
18,20,22,
26,28

12,26

2,6,8,12,
14,16,20,
22,27,29

4,9,13,18,
23,27

7,14,21,28

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады