"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 459 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-222 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданының кейбір ауылдары басқа қоныстар категориясына көшірілсін:
Кусеп ауылдық округінің Айғыржал ауылы, оны Кусеп ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына енгізіп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
Викторовка ауылдық округінің Қызылқайнар ауылы, оны Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылының құрамына енгізіп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Дьяченко |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Г.Марченкова |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ө.Мұсабаев |