Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Қ.Отаров |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
С.Әшебеков |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/287 қаулысы мен Ақмола блыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 6С-3-6 шешіміне қосымша |
Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдерінде, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі
1. "Егіндікөл, Жарқайың аудандары бойынша облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № ЗС-20-22 бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 шілдеде "Арқа ажары" газетінде және 2006 жылғы 18 шілдеде "Акмолинская правда" газетінде жарияланған):бүкiл мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық" "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Ақмола облысының Атбасар, Астрахан және Еңбекшілдер аудандары бойынша кейбір елді мекендер мен селолық округтерді таратып, қайта құру туралы" Ақмола облысының әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № А-7/264 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15/9 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3327 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2009 жылғы 1 тамызда жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының", "селолары" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының", "ауылдары" сөздерімен ауыстырылсын.
3. "Ақмола облысы Зеренді ауданының кейбір селоларын басқа қоныстар категориясына көшіру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № А-12/487 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-17 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3381 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қаңтарда "Арқа ажары" газетінде және 2010 жылғы 18 қаңтарда "Акмолинская правда" газетінде жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша "селоларын", "селолары", "селолық", "селосының", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдарын", "ауылдары" "ауылдық", "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
4. "Бурабай және Жақсы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір селоларын басқа қоныстар категориясына көшіру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № А-5/217 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 4С-33-8 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3394 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2011 жылғы 19 шілдеде жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша "селоларын", "селолары", "селолық", "селосы", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдарын", "ауылдары" "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
5. "Ақмола облысының Астрахан ауданының Қайнар селосын басқа қоныстар санатына көшіру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/472 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-8 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4434 болып тіркелген, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2014 жылғы 6 ақпанда жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша "селосын", "селолық", "селосы", "селосының" сөздері тиісінше "ауылын", "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.