Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2011.01.05 № а-1/1 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 26 мамырдағы № а-5/132 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1-5-138 тіркелген, 2010 жылғы 23 шілдеде «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
аудандық шақыру комиссияның құрамына:
Қарқынбаев Жанат Таңатарұлы, «Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы-шақыру комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Түшембеков Мұрзахан Рақымбекұлы, «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер Департаменті Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары - шақыру комиссияның мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін;
аудандық шақыру комиссияның құрамынан Әубәкіров Әділхан Исаходжайұлы, Байленов Арман Қайырлайұлы шығарылсын;
2) жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесінде «Ново-Мариновка селолық округі 27, 30, 31 мамыр, 21 қазан» жолындағы
«Ново-Мариновка» сөзі «Шұңқыркөл» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р. Әубәкіров
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы «Атбасар
орталық аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері Т. Махамбетова
«Ақмола облысы Атбасар қаласының
қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж.Қарқынбаев
«Қазақстан Республикасының ішкі
істер Министрлігі Ақмола облысының
ішкі істер Департаменті Атбасар
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы А.Нұржанов