Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2011.01.05 № а-1/1 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Ресупбликасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған азаматтар, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың, 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында «Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ММ) арқылы, кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде «Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі» ММ (келісім бойынша) жанында азаматтарды медициналық куәландырылуын жүргізу үшін шақыру учаскесі мен шақыру пункті мына мекен-жайы бойынша ұйымдастырылсын: Ақмола облысы Атбасар қаласы, Лука Белаш көшесі, 52 «а»/1 үйі.
3. Азаматтардың шақырылуын жүргізу кезеңінде 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы құрылып, 2 қосымшаға келісімді мерзімді әскери қызметіне азаматтарды шақыруын өткізу үшін кестесі бекітілсін.
4. Осы қаулы 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
6. Осы қаулы Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р. Әубәкіров
«Келісілді»:
«Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жаңындағы
Атбасар орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорыны бас дәрігері Т.Махамбетова
«Ақмола облысы Атбасар
қаласының қорғаныс істері
жөнiндегi бiрiктiрілген бөлімі»
мемлекеттік мекеме бастығы А.Әубәкіров
«Қазақстан Республикасының
ішкі істер Министрлігі Ақмола
облысының ішкі істер Департаменті
Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекеме бастығы М.Әбдірахманов
Атбасар ауданы әкімдігінің
22 мамыр 2010 ж № A-5/132
қаулысына 1 қосымша
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010.10.25 № А-10/279 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтанқараңыз) қаулысымен
Аудандық шақыру комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қарқынбаев Жанат Таңатарұлы |
- «Ақмола облысы Атбасар қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы-шақыру комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Түшембеков Мұрзахан Рақымбекұлы |
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер Департаменті Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары - шақыру комиссияның мүшесі (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
|
Байленов Арман Қайырлайұлы |
- «Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер Департаменті Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Бродецкая Валентина Лукьяновна |
- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жаңындағы «Атбасар орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның көз дәрігері (келісім бойынша), медицина комиссиясының төрағасы |
Рысакова Дәмелі Ақпашқызы |
- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Атбасар орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауруларды қабылдау бөлмесінің медбикесі (келісім бойынша), комиссия хатшысы |
Атбасар ауданы әкімдігінің
22 мамыр 2010 ж № A-5/132
қаулысына 2 қосымша
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010.10.25 № А-10/279 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтанқараңыз) қаулысымен
Азаматтарды мерзімді әскер
қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ
Селолық, ауылдық округтер, село атаулары |
Шақырушылар саны |
Комиссияны өткізу күні |
||
сәуір – мамыр |
қазан – қара- |
|||
Борисовка селолық округі |
35 |
48 |
29 сәуір |
4 қазан |
Макеевка селолық округі |
38 |
49 |
6 мамыр |
14 қазан |
Мариновка селолық округі |
158 |
188 |
26,27,28 сәуір, |
1,18,19,20 қазан |
Ново-Александровка селолық округі |
42 |
47 |
4 мамыр |
5 қазан |
Новосельский селолық округі |
41 |
48 |
19 сәуір |
15 қазан |
Шұңқыркөл селолық округі |
27 |
30 |
31 мамыр |
21 қазан |
Октябрьский селолық округі |
39 |
45 |
20 сәуір |
6 қазан |
Покровка селолық округі |
40 |
78 |
5,31 мамыр |
11,22 қазан |
Полтавка селолық округі |
27 |
47 |
30 сәуір |
7 қазан |
Сепе селолық округі |
12 |
19 |
6 мамыр |
25 қазан |
Сочинский селолық округі |
14 |
47 |
28 мамыр |
8 қазан |
Сергеевка селолық округі |
27 |
67 |
16 сәуір |
26-27 қазан |
Телман селолық округі |
36 |
65 |
21 сәуір |
12-13 қазан |
Есенгелді ауылдық округі |
18 |
58 |
28 мамыр |
28-29 қазан |
Ярославка селолық округі |
85 |
64 |
22-23 сәуір |
1-2 қараша |
Атбасар қаласы |
мамыр |
қараша900 |
11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27 – мамыр |
3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30 – қараша |
Атбасар қаласы |
маусым |
жел- 606 |
1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16,17 – маусым |
2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, – желтоқсан |
Барлығы |
1937 |
2406 |