Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік көмекке неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі орнатылсын.
1) жиырма төрт жасқа дейінгі жасты қоса алғандағы жастар;
2) көп уақыт жұмыс істеймейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
3) отбасында бірден бір жұмыс істейтін адам жоқ тұлғалар;
4) ертеде жұмыс істемеген тұлғалар;
5) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров