Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011.01.19 № 34 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданының аумағында азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылы 20 мамырдағы № 140 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 маусымдағы «Маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
№ 1 қосымшада:
«Шелюто Мария Николаевна» сөздері «Досанова Сауле Амангелдықызы» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Қожахметке жүктелсін.
3. Қаулы Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Астрахан ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі біріккен
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Кантемиров
«Қазақстан Республикасы ішкі істер
Министрлігі Ақмола облысы ішкі
істер департаменті Астрахан
ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж.Әбілмажинов