Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5С-33/3 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-105 тіркелген, 2010 жылғы 12 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасындағы 12 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
26-сессияның төрағасы Ш.Құсайынов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы П.Веселов
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов