Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 29.03.2018 № С-22/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387 бабына (Салық кодексі) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы "Степняк қаласы жерлерінің кадастрлық (бағалау) құнымен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтық шекараларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-10 тіркеліп, 2005 жылғы 1 шілдеде аудандық "Жаңа дәуір"-"Сельская Новь" газетінде жарияланған) № С–18/7 шешіміне келесідей өзгерту енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387 бабына сәйкес" (Салық кодексі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Бузань |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
М.Исажанов |
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімі |
Т.Хамитов |
Степняк қаласының әкімі |
Н.Рақымжанов |