Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.09.2010 № 29/7 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына,Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау,әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілерінің лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларына 2010 жылға арналған аудандық бюджет қаржысы есебінен 25 пайыздан кем емес жоғарылату белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Т.Осипова
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С. Ерин
Ауданның экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі
бастығының міндетін атқарушы А. Ильгундинова