Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011.02.04 № 4С-29/8 шешімімен
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелері және мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жарқайың аудан әкімінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 01-173 хатын қарап, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түріндегі және алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 2010 жылға әлеуметтік қолдау шаралар ұсынылсын.
2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Оспан–Ұлы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Б.Швачкин
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов
Жарқайың ауданының
"Қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Ахметова
"Жарқайың ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы З.Қоржымбаева