Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № а-2/69 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарынасәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданының әкімдігін «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 9 ақпандағы № А-1/17 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-106 тіркелген, 2010 жылдың 19 наурызында «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ тармақшаларымен толықтырылсын
5) 40 жас және одан жоғары жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар;
2 - тармақтағы 1 тармақша «24» саны «29» санына ауыстырылсын;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
3.Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев