Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № А-1/17 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурыздығы № 1-13-106 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-2/69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-2/69 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бір де бір жұмысшысы жоқ отбасылар мүшелері;
      4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауырғандар.
      5) 40 жас және одан жоғары жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар;
      6) Орта және алғашқы кәсіби оқу орындарының түлектері.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010.04.02 № А-3/38; 2010.07.02 № А-6/152 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауданының әкімі                            И.Қабдуғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады