Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-4 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік төлемдерге келесі азаматтардың құқығы бар:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғалар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары, зейнеткерлер;
мүгедектер;
белгілі бір жағдайда әлеуметтік қолдауға өте зәру отбасылар (азаматтар);
табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
көп балалы отбасылар;
туберкулезбен ауыратындар;
колледждердің күндізгі оқу түрі бойынша оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.
3. Жақсы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № С-15-6 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы» (2009 жылғы 28 қаңтардағы Жақсы ауданының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-85 тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанда аудандық «Жақсы жаршысы» № 7 газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат жиырма
бесінші сессиясының төрағасы Б.Жанәділов
Жақсы аудандық
мәслихат хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН:
Жақсы аудан әкімі И.Қабдуғалиев
«Жақсы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Л.Сейдахметова