"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Ережесін" бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № С-15-6 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда № 1-13-85 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № ВС-25-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010.04.07 № ВС-25-4 шешімімен

      2001 жылдың 23 қантардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңды нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы №817 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Ережесі бекітілсін.
      2. Қосымшаға келісімді кейбір аудандық мәслихат шешімдері күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында  мемлекеттік тіркелген күннен және ресми жарияланған кейін күшіне енеді.

      Жақсы аудандық мәслихаттың
      кезекті он бесінші
      сессиясының төрағасы                 Б.Сұрағанова

      Жақсы аудандық мәслихат
      хатшысы                                 М.Ыбыраев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Жақсы ауданының әкімі               И.Қабдуғалиев

      «Жақсы ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      ММ бастығы:                           Қ.Дүзелбаев

      «Жақсы ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      ММ бастығы:                         Л.Сейдахметова

2008 жылғы 24 желтоқсанда
№С-15-6 Жақсы аудандық
мәслихат шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың кейбір күші жойылған шешімдер тізбесі

      1. Жақсы аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № ВС-39-5 «Аудандық бюджеттің қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына  материалдық төлемақыны төлеудің Ережесін бекіту туралы» шешімі (2007 жылғы  2 мамырда № 1-13-51 Жақсы аудандық әділет басқармасында тіркелген, «Жақсы жаршысы» газетінде 2007 жылдың 19 мамырында № 21 (6428) жарияланған.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № С-5-6 «Жақсы ауданы мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі № ВС-39-5 «Аудан бюджеті қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақылардың ережесін бекіту туралы шешіміне толықтырулар енгізу туралы»» шешімі (2008 жылғы  17 қаңтарында № 1-13-66 Жақсы аудандық әділет басқармасында тіркелген, «Жақсы жаршысы» газетінде 2008 жылдың 25 қантарда № 3 (6463) жарияланған.

Жақсы аудандық мәслихаттың

2008 жылғы 24 желтоқсанда
№ С-15-6 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша ЕРЕЖЕСІ

      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша осы Ереже (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодекстің 53 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі  «Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11,16 бабтары,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының  баптарына сәйкес, аудан бюджеті шығыстарының есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді.
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын мәртебесі бар тұлғаларға, шетел азаматтарына, аудан аумағында тұрақты тұратын тұруға ыхтиярхаты бар, азаматтығы жоқ азаматтарға таратылады.

1.Жалпы ережесі

      1. Осы Ереже жергілікті уәкілетті органның шешімімен  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі әлеуметтік көмек) аудан бюджеті шығыстарының  есебінен төленетін «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша  төлемді ұйымдастырудың тәртібін реттейді.
      2. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша тағайындауды азаматтардың  жекелеген санаттарының өтінішін қарау  үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия жүзеге асырады (әрі қарай - комиссия), оның сандық және дербес құрамы, сонымен қатар әлеуметтік төлем көлемі аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
      3. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша уәкілетті ұйым “Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі болып анықталды.
      4. Комиссия азаматтың келісімімен, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін керекті мәліметтерді тиісті ұйымдардан алуға, сұрау салуға құқылы.
      5. Әлеуметтік көмек жергілікті деңгейде төмендегідей түрде жүргізіледі:
      1)жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне әлеуметтік көмек;
      2)азаматтардың жекелеген санаттары үшін мерекелік шаралар өткізуге арналған әлеуметтік көмек;
      3)әлеуметтік  қолдауға өте мұқтаж аз қамтылған азаматтарға  әлеуметтік көмек;
      4)емделуге бару жолының жолақысын төлеуге әлеуметтік көмек;
      5)мүгедектерді сауықтыруға  әлеуметтік көмек;
      6)мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына отын алуға берілетін әлеуметтік көмек;
      7)мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін әлеуметтік көмек;
      8)мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарға жеңілдікпен жазылуды рәсімдеуге әлеуметтік көмек;
      9) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түліктің негізгі түрлерінің, қуат күшінің бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек;
      10) туберкулез ауруымен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек;
      11) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің  жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген жекелеген тұлғаларға коммуналдық қызметті өтеуге әлеуметтік көмек.
      12) Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің көлемі.

2.Жұмыссыз  азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін әлеуметтік көмек

      6. Әлеуметтік көмек  жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне (өзгеше жағдайда, халықты жұмыспен қамту сұрағы бойынша уәкілетті ұйымда тіркеуде тұрмағандар да) отбасы мүшелеріне немесе жерлеу рәсімін нақты жүзеге асыратын тұлғаға төленеді.
      7. Азаматтардың жерлеу рәсіміне берілетін әлеуметтік көмекті алу құқығы кісі қайтыс болған күннен екі ай мерзімге дейін сақталады.
      8. Әлеуметтік көмек тағайындауға төмендегідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      4)салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)өлгені туралы куәліктің көшірмесі, қайтыс болған азаматқа өлгені туралы анықтама;
      7)отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табысы туралы мәлімет.

3. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін  әлеуметтік көмек

      9.Мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін әлеуметтік көмекке Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар, еңбек ардагерлері, жалпы аурудан мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы аналар, ауданның құрметті азаматтары, жалғыз басты зейнеткерлер құқылы.
      10. Әлеуметтік көмекті алу үшін уәкілетті ұйым тізімді  Ақмола облыстық Қазпошта акционерлік қоғамы Жақсы аудандық пошта байланыс торабына береді.
      11. Көрсетілген санаттағы азаматтарды құрметтеу үшін уәкілетті орган өткізілетін мерекелік шараларға ақшалай қаржыларды Ақмола облыстық «Қазпочта» акционерлік қоғамы Жақсы аудандық пошта байланыс торабына қоса берілген тізімге келісімді аударады.

4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру

      12.Әлеуметтік көмек алуға азаматтардың жекелеген  санатындағылар белгілі бір жағдайда әлеуметтік көмекке өте зәру, жағдайының ауырлығына байланысты (апат, өрт, сонымен қатар басқа да тосын жағдай) құқылы.
      13.Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      4)салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      7)отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табысы туралы мәлімет.

5. Мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына әлеуметтік көмек

      14. Мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына әлеуметтік көмекті алуға мүгедектердің барлық санаты, сонымен қатар дәрігерлік көрсеткіші бойынша жолдама берілген жүріп тұруда қиындық көретін 1, 2 топтағы мүгедектер, және оларға еріп жүретін тұлғалар құқылы.
      15. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;.
      3)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      4)салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі және мүгедекті оңалту бағдарламасынан көшірме;
      7)станционарлық емделуде болғандығы туралы анықтама;
      8)емделу жолының ақысына мұқтаж азаматтар үшін жол жүру билеті немесе жүру жол ақысының құнын растайтын анықтама.

6. Мүгедектерді сауықтыруға берілетін әлеуметтік көмек

      16. Мүгедектерді сауықтыруға берілетін әлеуметтік көмек келесідей дәрігерлік көрсеткіші барлар құқылы:
      тексерілуге, емделудің алдын-алуға және емделуге, қажетті дәрі-дәрмек алуға.
      17.Әлеуметтік көмек тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      4)салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      7)операция жасалғандығын растайтын ауру тарихынан көшірме;
      8)стационарлық емделуде болғандығы туралы анықтама.

7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына отын алуына арналған әлеуметтік көмек

      18.Қатты отын (ағаш, көмір) алуға берілетін әлеуметтік көмекті алуға пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұратын, кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын азаматтар құқылы.
      19.Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
      3)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      4)салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      7)отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табысы туралы мәлімет.

8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін әлеуметтік көмек

      20. Қосалқы шаруашылығын дамыту үшін әлеуметтік көмек алу құқығы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, көп балалы отбасыларға беріледі.
      21.Әлеуметтік көмек тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
      3)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      4)салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табысы туралы мәлімет.
      7)жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі.

9. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды ресімдеуге берілетін әлеуметтік көмек

      22. Республикалық және облыстық маңызы бар мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды рәсімдеуге берілетін әлеуметтік көмекті алуға Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, жауынгер-интернационалистер.
      23. Ауданның өкілетті органының және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының тізімдеріне келісімді, әлеуметтік көмекті алу құқығы ай сайын расталады

10. Негізгі азық-түлік өнімдерінің және қуат көздері бағасының өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек

      24..Негізгі азық-түлік өнімдерінің және қуат көздері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмекті алуға әр жан басына шаққандағы кірісі кедейшілік шегінен 0,5 айлық есептік көрсеткіштен төмен аз қамтылған азаматтар, көп балалы отбасылар, табысы күн көріс минимуынан жан басына шаққанда 2 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалғызілікті зейнеткерлер.
      25. Ауылдық округтардың әкімнің тізіміне және денсаулық сақтау бөлімінің тізіміне келісімді әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын расталады.

11. Туберкулез ауруымен ауырған мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек

      26.Әлеуметтік көмекті алуға мүгедектігі жоқ және табысы күн көріс минимуынан төмен туберкулез ауруымен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттары құқылы.
      27. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін келесідей құжаттар қажет:
      1)өтініш;
      2)өтініш берушінің жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
      3)салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру куәлігінің көшірмесі;
      4)өтініш берушінің есепайыру шоты;
      5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6)стационарлық емделуде болған жағдайда фтизиатрдың анықтамасы;
      7)жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі.

12. Ұлы Отан соғысы мүгедектері және жеңілдіктері мен кепілдіктері қатысушыларына теңестірілген жекелеген тұлғаларға коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек

      28. Коммуналдық қызмет шығынын өтеуге әлеуметтік көмекті алуға  екінші дүние жүзілік соғысы кезінде кәмілеттік жасқа жетпеген фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерь, гетто және басқа еркінен тыс ұстаудың тұтқындары, қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары, сонымен қатар қайта некеге отырмаған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың жұбайлары (ерлері) құқылы.
      29. Мемлекеттік зейнетақыны төлеу орталығының тізіміне келісімді әлеуметтік көмекті алу құқығы ай сайын расталады.

13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің көлемі

      30. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне әлеуметтік көмек 15 АЕК-ке дейінгі көлемде.
      31. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін мерекелік шаралар өткізуге арналған әлеуметтік көмек 3000 теңге көлемінен артық емес. Жеңіс Күнін тойлауға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5000 теңгеден кем емес.
      32. Жағдайдың ауырлығына байланысты әлеуметтік көмекке өте мұқтаж аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек 30 АЕК-ке дейінгі көлемде.
      33. Әлеуметтік көмек мүгедектерге емделуге бару жолына  автокөлік және темір жол транспортының билет құнының бағасы бойынша екі жақ жолдың құны төленеді. Такси шығыны қажетті жол бағытының шығыны бағасы бойынша өтеледі.
      34. Мүгедектерді сауықтыруға әлеуметтік көмек 70 АЕК-ке дейінгі көлемде көрсетіледі.
      35. Азаматтардың жекеклеген санаттарына отын алуға берілетін әлеуметтік көмек 15 АЕК-ке дейінгі көлемде көрсетіледі.
      36. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін әлеуметтік көмек 10-нан 80 АЕК-ке дейінгі көлемде көрсетіледі.
      37. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарға жеңілдікпен жазылуды рәсімдеуге әлеуметтік көмек жазылу уақытындағы баға бойынша рәсімделеді.
      38. Азаматтардың туберкулез ауруымен ауырғандарға әлеуметтік көмек 15 АЕК-ке дейін көлемде көрсетіледі.
      39. Ұлы Отан соғысы мүгедектері және жеңілдіктері мен кепілдіктері қатысушыларына теңестірілген жекелеген тұлғаларға коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге 1,5 АЕК мөлшерде әлеуметтік көмек.
      40. Әлеуметтік көмек көрсету мөлшері аудандық бюджетте қаралғандай комиссия мүшелерімен әрбір жағдайда шектеулі қаржымен қаралады.

14. Қорытынды ереже

      41. Арызданушыға тағайындалатын  әлеуметтік көмектің заңнамаға сәйкес дұрыс тағайындалуына заңнама тәртібімен комиссия жауапты.
      42. Алдын-ала күмәнді немесе әлеуметтік көмекті алуға немесе көлеміне әсер ететін өзгерістер  туралы мәліметті уақытылы хабарламаған азаматтар әлеуметтік көмек алу құқығынан бір жылға дейін айырылады.
      43.Әлеуметтік көмекті төлеу Ақмола облысының «Қазпочта» акционерлік қоғамы Жақсы аудандық пошта байланыс торабының филиалы  арқылы жүзеге асырылады.
      44 Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі  әлеуметтік көмектің төленуіне бөлінетін қаржының дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады.

      АЕК- айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады