Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 560 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
маусымдық және уақытша жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
жиырма бір жастан жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
өздеріне байланысты емес себептермен, ұзақ мерзім бойы жұмыс істемеген, жұмыссыздар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулы ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі Е.Сағдиев