2011 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 560 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қаңтарда № 1-14-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.12.2011 № 651 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
      жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      ұзақ уақыт бойы (он екі айдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар.
      2. Зеренді ауданы әкімдігінің «2010 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 18 ақпандағы № 59 қаулысының (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-131 тіркелген, 2010 жылы 30 наурызда «Зеренді» газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады