Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 54 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы.
2. Әлеуметтік төлемдерді алуға келесі азаматтар құқылы:
табыстары күнкөріс деңгейінен төмен немесе белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар;
мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері (оларға теңестірілген тұлғалар, тыл қызметкерлері, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлері, бейбітшілік уақытында қайтыс болғандардың отбасылары, фашистік концлагерлерінде тұтқында болғандар), ақталған азаматтар, зейнеткерлер Қарттар күніне байланысты;
жазылмайтын дертпен ауыратындар;
онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарға Ақмола облысы бойынша емдеу мекемелеріне жолақысы;
колледждерде күндізгі оқу бөлімшелерінде оқитын аз қамталған және көп балалы отбасылардың студенттері.
2-1. Әлеуметтік төлем жылына бір рет ақшалай түрде отбасының бір мүшесіне (азаматына) беріледі.
Ескерту. 2-1 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010.09.13 № 21/2 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2-2. 2 тармақтың төртінші абзацында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек, көмек көрсету туралы өтінішті және материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін бермей-ақ, аудан әкімімен келісілген, тізімнің негізінде мемлекеттік мерекелерде және аудандық іс-шараларда жүргізіледі.
Ескерту. 2-2 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010.09.13 № 21/2 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2-3. Төлемдер мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссиямен анықталады.
Көрсетілген тұлғалар үшін төлем мөлшерлері:
2 тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацында 40 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінен аспауға тиісті;
жетінші абзацта оқу жылына деректі шығындар.
Ескерту. 2-3 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010.09.13 № 21/2 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2-4. Материалдық көмекке мұқтаж өкпе ауырумен ауыратындарға, аумақтық медициналық мекеменің тізімінің негізінде, ай сайын қосымша үш айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар тізімінің негізінде ай сайын әрбір отбасы мүшесіне қосымша 0,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
Екінші дүние жүзілік соғысы кезеңінде фашистермен және олардың одақтастықтарымен құрылған, гетто және басқа да орындарда еріксіз ұстаған, бұрынғы концлагерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындарына, ай сайын бір айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде коммуналдық қызметтер шығындарына қосымша әлеуметтік көмек төленеді.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерін төлеу бойынша шығындарын қайтаруға, ай сайын қосымша 2,5 айлық есептеу көрсеткіші төленеді.
Төлемдер 451007000 «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражаттың шегінде іске асырылады.
Ескерту. 2-4 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010.09.13 № 21/2 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
3. Сандықтау аудандық мәслихаттың «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 18 наурыздағы № 15/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-16-1 тіркелген, 2005 жылғы 25 сәуірдегі «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Б.Уразалина
Аудандық мәслихаттың
хатшысының міндетін атқарушы Л.Лемешевская
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
«Сандықтау ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Мурашиди
«Сандықтау ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы В.Локусова