Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2010.12.31 № А-6/299 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 5 бабы 2 тармағына сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабын негізге ала отырып Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы бойынша мақсатты топқа кіретін халықты орналастыру үшін қосымша жеке тұлғалар тізбесі құрылсын.
1) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
3) 50 жастан асқан жұмыссыздар;
4) бірде – бір жұмыс істемейтін отбасылар;
5) бұрында жұмыс істемегендер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
3. Осы аудан әкімінің қаулысы Целиноград аудынының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мынжанов