Целиноград ауданы бойынша мақсатты топқа кіретін халықты орналастыру үшін қосымша жеке тұлғалар тізбесін құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № А-0/7 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 ақпанда № 1-17-131 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № А-6/299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2010.12.31 № А-6/299 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 5 бабы 2 тармағына сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабын негізге ала отырып Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша мақсатты топқа кіретін халықты орналастыру үшін қосымша жеке тұлғалар тізбесі құрылсын.
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
      2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      3) 50 жастан асқан жұмыссыздар;
      4) бірде – бір жұмыс істемейтін отбасылар;
      5) бұрында жұмыс істемегендер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы аудан әкімінің қаулысы Целиноград аудынының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мынжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады