Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 08.02.2016 № А-1/17 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға мұқтаж тұлғаларға жәрдем көрсету мақсатында Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының
әкімі С.Қамзебаев
КЕЛЕСІЛДІ:
Шортанды ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж.Мұнтаева