Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 69 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
«Өзендер:» деген кесте мына мазмұндағы 11, 12, 13 тармақтармен толықтырылсын:
«
11 |
Қара Қобда |
138 |
12 |
Қиыл |
193 |
13 |
Сазды |
40 |
»
«Көлдер:» деген кестеде 39, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65 деген тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Сағындықов